25
Жұма,
Қазан

һижри

Қолғап киіп намаз оқуға бола ма?

Қолғап киіп намаз оқуға бола ма?

Намаз

«Сахих Бухари» кітабының «Қатты ыстықта киімге сәжде ету» атты тарауында сахаба көрген табиғин – Хасан әл-Басридің (Алла оны рақымына алсын) мынадай бір риуаяты келтіріледі:

«Жұрттар (сахабалар) қолдарын жеңдеріне салып алған күйі сәлдеге және бас киімге сәжде ететін». Осы риуаяттың басқа бір нұсқасында: «Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) сахабалары қолдары киімдеріне салулы күйі сәжде жасайтын еді, әрі олардың кейбірі сәлдесіне сәжде жасайтын», – делінеді.

Аталмыш риуаяттардан байқағанымыздай, күннің ыстықтығы себепті сахабалар сәждеге барғанда қолдары күймес үшін қолдарын жеңдеріне кіргізіп алатын болған екен. Бұл – күн аязды кездерде намазды далада оқыған кісілердің қолғаптарын шешпей оқи берулеріне болады деген сөз. Әйтсе де, еш себепсіз (күн жылы кезде, не мешіт ішінде т.б) қолғап киіп оқудың мәкруһ болатындығын ескерген жөн.

материал «Мұсылманның көктемі» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: