Намаздан кейінгі тәсбихтерді оқыған кезде 33-ке мән беру керек. Діннің әмірлерінде әртүрлі хикметтер бар.
Бұл сан дәрінің мөлшеріне ұқсайды. Дәрі артығымен немесе кем қабылданса, күтілген нәтижені бермейді. Қазына 33-те. Бір метр ілгері, бір метр кері кетсе қазына табылмайды. Тәсбихтерді 33-тің орнына көбірек сауап болсын деп 40 рет немесе одан да көп айту бидғат болады. Мүлдем тәсбих тартпай кетсе күнә болмайды. Бірақ сүннет сауабынан махрұм қалған болады.
Кедейлер, «Я, Расулалла, байлар дәреже мен ниғмет тұрғысынан бізден озды. Біз намаз оқимыз, олар да оқиды. Біз ораза тұтамыз, олар да тұтады. Бірақ олар зекет, садақа береді, құл азат етеді, біз бұларды орындай алмаймыз» деген кезде, сүйікті пайғамбарымыз:
«Сендерден үстем болғандарға жете алуларың үшін, сендерден төмен болғандарды өте алуларың үшін және сендер жасаған сияқты жасағандардан басқа, сендерден үстем бол алмайтын бір нәрсе үйретейін. Әр намаздың соңында 33 рет Субханаллаһ, 33 рет Әлхамдулилләһ, 33 рет Аллаһу әкбар, бір рет "Лә илаһә иллаллаһу уахдәһу лә шәрика ләһ ләһул мулку уә ләһул хамду уә һуә алә кулли шәйин қадир" деп айтыңдар!» деді. Кедейлер, «Байлар да біз сияқты тәсбих тартып тағы да бізден озады» дегенде, Расулулла: «Бұл Алла Тағаланың жақсылығы, қалаған адамдарына береді» деді. (Әбу Дауд)
материал «Намаздан кейінгі тәсбих» кітабынан алынды,
ummet.kz