14
Сейсенбі,
Қаңтар

һижри

Намаздардан бұрын үш рет истиғфар оқу керек деген рас па?

Намаздардан бұрын үш рет истиғфар оқу керек деген рас па?

Намаз

Сұрақ: Намаздардан бұрын үш рет истиғфар оқу керек екен. Бұны қаматтан бұрын ба, әлде кейін оқу керек пе?

Жауап: Намаздардан бұрын үш рет керек емес. Бірақ бүкіл намаздар біткеннен кейін сәлем беріп, «Аллаһумма әнтәссәләм...» дегеннен кейін үш рет истиғфар дұғасы оқылады. Бұл сүннет.

Тек жұма күні таң намазының сүннетінен бұрын үш рет истиғфар дұғасы оқылады. Басқа намаздардың алдында оқу керек емес. Әр намаздан бұрын үш рет, бес рет, жүз рет оқылса да зияны жоқ. Бірақ «Оқу керек» делінсе қате болады. Бидғат шығарылған болады.

Мысалы, Ясин сүресі оқылған кезде «Сәләмун қаулән..» аятын үш рет оқиды. Үш рет, бес рет, жүз рет оқу жаиз, бірақ «Үш рет оқу керек» делінсе бидғат шығарылған болады.

Бұл жіңішке мәселені жақсы білу керек. Истиғфар мен басқа дұғаларды әр уақыт оқудың зияны жоқ. Бірақ дініміздің білдірілгендерден бөлек мына уақытта, осыншама оқу керек деп айту бидғат болады.

материал «Намаздан кейінгі дұғалар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: