Айша анамыз (р.а.) риуаят етті:
«Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) намазда «Аллахумма инни ағузу бика мин ғазаби қабрин уа ағузу бика мин фитнат-ил-масихи-д-Дажжали уа ағузу бика мин фитнат-илмахйа уа фитнат-ил-мамати, Аллаһумма инни ағузу бика миналмағсами уа-л-мағрами» деген дұғаны оқитын еді.
Бұл дұғаның мағынасы: «Иләһи, мені қабір азабынан, Дажжал фитнасынан сақта, тіршілікте және өлім алдында болатын бүліктерден сақта! Иләһи, мені күнаһар және адамдарға қарыздар болудан өзін сақта!».
Сонда бір кісі Пайғамбарымызға (с.ғ.с.): «Не үшін мұнша қарыздар қылып қойма деп тілейсіз?»,- деп сұрады. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): “Егер кісі төлей алмайтындай дәрежеде қарыздар болып қалса, әрқашан өтірік жалған сөйлейді, уәде қылса, уәдесінен шыға алмайды»,- деді.
Айша анамыз (р.а.) айтты: «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) намаз соңында Дажжал фитнасынан сақтауды Алладан тілегенін естідім»,- деді.
Әбу Бәкір (р.а.) Пайғамбарымызға (с.ғ.с.): «Намазда оқитын бір дұға үйретіңіз»,- деп өтінді. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Иләһи, мен өз жаныма көп зұлымдық қылдым, бұндай күнәларды сенен басқа ешкім кешіре алмайды, тек өзің ғана кешіре аласын. Иләһи, жақсылық мәрхеметіңді дариғ тұтпай, мені кешіргейсің, менен рахметіңді аямағайсың. Сен күнәларды кешіруші және пенделерді мағфират қылушысың деген дұғаны оқы!»,- деді.
Бұл дұғаның арабшасы: «Аллаһумма инни зәламту нафсий зүлман касира уа лә яғфиру-з-зунуба илла әнта, фағфирли мағфиратан мин ғиндика уәрхамний, иннака әнта-әл-ғафурур-рахим».
материал «Сахих әл-Бұхаридың хадистер жинағы» кітабынан алынды,
ummet.kz