Жоқ, рұқсат емес. Себебі жолаушы адам Алла Тағаланың ораза ұстамауға рұқсат еткен категориясына кіру үшін, оның сапары таң намазының уақыты шықпай басталып, шам намазының уақытын дейін жалғасу қажет.
Егер таң намазынан алдын сапарға шығып бірақ, діттеген жеріне асырда жетсе ауыз ашуына болмайды. Өйткені бұл адам бір мезетте ораза ұстаушылардың қатарына және ораза ұстамауға рұқсат етілгендердің қатарына кіріп тұр. Міне, сол үшін ауызын ашпай оразасын ұстайды. Егер ауызын ашып қоятын болса – бір күн қаза өтейді. Жасаған ісі харамға жақын мәкрүһ амалға жатады. Кәффарат өтемейді. Себебі бұл жерде күмән бар. Ал күмән болған тұста мұсылманға кәффарат жүктелмейді.
материал «Оразаны бұзатын және бұзбайтын 70 амал» кітабынан алынды,
ummet.kz