Абдуллаһ ибн Масғұдтан (Алла оған разы болсын). Ол:
«Алла елшісінен (с.а.с.): «Қайсы амал ең абзал?» – деп сұрадым. Ол: «Намазды уақытында оқу», – деді. «Сосын қайсы?» – деп (сұрадым). «Ата-анаға игі болу», – деді. «Сосын қайсы?» – деп (сұрадым). «Алла жолында күресу», – деді. Оны қинағым келмегендіктен бұдан артық (сұрамадым)», – деп айтқан (85/137).
Әбу Заррдан (Алла оған разы болсын). Ол: «Алла елшісі (с.а.с.) маған: «Басшыларың намазды уақытынан кешіктіретін (немесе намазды уақытынан жоғалтатын) болса қалай етесің?» – деді. Мен: «Маған не бұйырасың?» – деп (сұрадым. Сонда Пайғамбар (с.а.с.)): «Намазды өз уақытында оқы да, (сосын) оған олармен бірге кез келсең, (тағы) оқы. Расында, ол сен үшін нәпіл (болады)», – деп айтты», – деген2 (648/238).
Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.): «Кімде-кім намаздың бір ракағатына үлгерсе, намазға үлгереді», – деп айтқан (607/161).
материал «Муслимнің сахих хадис жинақтары» кітабынан алынды,
ummet.kz