14
Сенбі,
Маусым

һижри

Құл намазда қалай хушуғ иесі бола алады?

Құл намазда қалай хушуғ иесі бола алады?

Намаз

Бахауддин Нақшибендиден (қуддисә сирруһ):

- Құл намазда қалай хушуғ иесі бола алады? - деп сұралғанда ол :

- Мына төрт нәрсенің арқасында ие бола алады деп, мыналарды баяндады:

1. Халал тамақ,

2. Дәрет аларда ғапыл болмау,

3. Алғашқы тәкбірді аларда(намазға тұрарда)

Алланың алдында екенін білу,

4. Намаздың сыртында да Алланы мүлде ұмытпау, яғни намазда болуға тиісті көңіл тыныштығы, Алланың алдында екендігін сезінуін, күнәлардан алыс болу күйін намаздан кейін де жалғастыру».

Намаздағы хушуғ халі өте маңызды болғаны соншалық, құл соған ие болу мөлшерінде мәміле көреді. Хадис шәрифтерде былай баяндалған:

«Кісі намазын бітіргенде, оқыған намазының сауабынан өзіне оннан бірі немесе тоғыздан бірі, немесе сегізден бірі, немесе жетіден бірі, немесе алтыдан бірі, немесе бестен бірі, немесе төрттен бірі, немесе үштен бірі, немесе жартысы беріледі. Оқыған намаздарының сауабынан алтыдан бірі, тіпті оннан бірі де өздеріне жазылмайды. Тек біліп хушуғ халімен оқыған бөлімдері ғана жазылады».

Хушуғ халі ықыласты болудың жемісі. Өйткені ықылас құлды шынайы ниет пен хушуғ иесі қылып, Алла алдында өте ұлы дәрежелерге жеткізе отырып, иләһи қорғауға да дәнекер болады. Хадис шәрифте былай айтылған:

«Ықыласты кісілерге сүйіншілер болсын, олар һидаят нұрында. Ондай кісілердің құрметіне ең қатты бүліктер жоқ болып кетеді».

материал «Ислам.Иман.Ғибадат» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: