Әбу Һурайра (Алла оған разы болсын):
«Пайғамбар (с.а.с.): «Кімде-кім намазында Уммул-Қуранды оқымаса, ол шала (яғни, толық емес)», – деп үш рет айтты», – деген. Сонда адамдардың бірі Әбу Һурайраға: «Біз кейде имамның артында тұрамыз ғой», – дегенде, ол: «Ондай кезде ішіңнен оқы, мен Алла елшісінің (с.а.с.): «Алла Тағала: «Намазды (яғни, «Фатиха» сүресін) Өзім мен пендемнің арамызда бөліп қойдым. Пендеме сұрағаннын беремін», – дейді.
Пенде: «Әл-хамду лилләһи раббил-ъаләмин (барлық мақтау әлемдердің Раббысы Аллаға тән)», – дегенде, Алла: «Пендем Мені мадақтады», – дейді. «Әр-РахмәнирРахим (аса Мейірімді, ерекше Рақымдыға)», – дегенде, Алла: «Пендем Маған мақтау айтып, дәріптеді», – дейді.
Пенде: «Мәлики йәумид-дин (Есеп (Қиямет) күнінің Иесіне)», – дегенде, Алла: «Пендем Менің даңқымды айтты», – дейді. «Ийәкә нәъбуду уә ийәкә нәстәъин ((Уа, Алла!) Саған ғана құлшылық жасаймыз және Сенен ғана жәрдем тілейміз)», – дегенде, Алла: «Бұл – Мені мен пендемнің арамыздағы нәрсе, пендеме сұрағанын беремін», – дейді.
Пенде: «Иһдинәссыйратал-мустәқим. Сыйратал-ләзинә әнъәмтә ъаләйһим, ғайрил-мағдуби ъаләйһим уә ләд-даллин (бізді тура жолмен жүргізе гөр! Нығметке бөлегендеріңнің жолымен. Ашуға ұшыраған және адасқандардың (жолымен емес))», – дегенде, Алла: «Бұл – пендемнің сұрағаны, пендеме сұрағанын беремін», – дейді», – дегенін естідім», – деген (Муслим).
материал «Дұға – құлшылық өзегі» кітабынан алынды,
ummet.kz