06
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Намаз оқығанда адамның қай жерлері таза болуы керек?

Намаз оқығанда адамның қай жерлері таза болуы керек?

Намаз

С: Намаз оқығанда адамның қай жерлері таза болуы керек?

Ж: Оның денесі, киімі, намаз оқитын жері әртүрлі нәжістерден таза болуы қажет.

С: Намаз оқудан бұрын не істеу шарт?

Ж: Шариғаттың бұйыруы бойынша, сумен жуылуы тиіс ағзаларды жуып, дәрет алу парыз.

С: Дәретті қалай алады?

Ж: Дәрет алғанда мына мүшелер жуылуы тиіс:

1) әуелі таза сумен истинжа істейді, яғни әуретін нәжістен тазартады;

2) қолының саусағынан бастап білезікке дейін жуады;

3) үш рет ауызын шаяды;

4) үш рет мұрнын шаяды;

5) үш рет бет-жүзін жуады;

6) үш рет қолын шынтағымен қосып, саусақтарының араларын да жуады;

7) қолын сулап, екі қолымен әуелі басына, одан кейін екі құлағына, сосын мойнына бір мәрте мәсіх тартады (сипайды);

8) сол қолымен әуелі оң аяғын, сосын сол аяғын тобықтарына дейін, башпайларының арасына су тигізіп үш рет жуады;

С: Дәреттің парыздары нешеу?

Ж: Төртеу.

С: Қайсылар?

Ж: Бетін жуу, қолын жуу, басқа мәсіх тарту, аяғын жуу.

С: Бетті қай жерге дейін жуу керек?

Ж: Маңдайының шаш шығатын жерінен иек астына дейін және екі құлақтың арасын дерлік жуу керек.

С: Қас, мұрт, сақалды қалай жуады? Ж: Қас, мұрт және сирек сақал бетпен бірге жуылады. Ал, қалың сақалдың үстіне мәсіх тартылады.

С: Қолдың қай жерлерін жуады?

Ж: Саусақтан бастап шынтаққа дейін, шынтақты бірге қосып жуады. Тырнақ асты мен саусақтардың арасына су тимей қалмау керек.

С: Бастың қай жеріне мәсіх тартылады?

Ж: Бастың шаш өсетін жерінің төртен бір бөлігіне мәсіх тарту – парыз. Барлық жеріне мәсіх тарту – сүннет.

С: Құлақ пен мойынға қалай мәсіх тартылады?

Ж: Сұқ саусақпен құлақтың ішіне, бас бармақпен сыртына мәсіх тартылып, алақанның сыртымен мойынға мәсіх тартады.

С: Аяқты қалай жуады?

Ж: Башпайдың ұшынан бастап тобыққа дейін және тобықты қосып жуады.

материал «Ғибрат исламия» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: