06
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Намаз оқу үшін орын таза емес, ортам ыңғайлы емес

Намаз оқу үшін орын таза емес, ортам ыңғайлы емес

Намаз

Кейбір адамдар тұрған орнының таза болмауын немесе намаз өтейтін ыңғайлы жер таба алмағандарын намазға кедергі етіп көрсетеді.

Алайда топырақта, бетонда, ағашта, паркетте, əйнекте, шөптің үстінде де намаз оқи аламыз. Көзге көрінетін, анық білініп тұратын нəжістің болмауы жеткілікті.

Егер намаз оқитын жердің үстіне кілем, алаша сияқты нəрсе жайылмаған болса, еш тартынбастан пальтоңызды, пиджагыңызды немесе жейдеңізді шешіп жайыңыз.

Бір кездері бір телеканалда тікелей эфирге қатысуым керек болған еді. Ақшам азаны шақырылды. Тазалық бөлмесіне барып дəретімді алдым жəне мешіт бар-жоғын сұрадым. Өкінішке орай жоқ еді. Эфирде қанша уақыт болатынымды есептедім. Намаздың уақыты шықпастан жұмысымыз бітетін еді. Осылайша сыртта намазымызды оқыдық. Егер бұл мүмкіндік болмағанда еш тартынбастан сол жерде оқитын едім. Керек болса эфирге де шықпас едім. Өйткені намаздан маңызды еш нəрсе жоқ.

Мешіттен алыс жəне бейтаныс жерде кездесетін мəселелердің бірі – құбыланы табу мəселесі. Құбыланы маңайымыздағылардан сұрау арқылы немесе кейбір формулаларды қолдану арқылы табуымызға болады. Ол үшін ғылымхал кітаптарындағы түсіндірмелерге қарауыңыз керек.

Бірақ ең дұрысы – құбыланы көрсететін компас алып жүруіңіз. Тек қана құбыла табу үшін өндірілген компастар жəне қолдану ережелері жазылған кітапшалар да бар. Осыларды əрдайым өзімізбен алып жүру арқылы қай жерде болмасын құбыланы тез табу мүмкіндігіміз болады.

Фəни өмір үшін талай нəрселерді арқалап жүреміз. Ақыретіміз үшін де кейбір заттарды алып жүрсек, еш нəрсе жоғалтпаймыз. Қазір смартфонға арналған кейбір қосымшаларда құбыланы көрсететін функциясы бар екенін де айта кету керек. 

материал «Таң намазына тұрғың келсе...» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: