Имамның алдындағы белгі арттағы жамағаттарға да жарай береді
Абдулла ибн Аббас (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Минада (құрбандық шалатын жерде) адамдармен бірге намаз оқып жатқан еді. Мен Балағат жасқа жетейін деп қалған кезім болатын. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) алдына белгі қоймай, намаз оқып жатыр еді. Кенеттен мен, бір ұрғашы есекке мініп келіп қалдым, бірнеше намазхандардың алдынан өттім де, есектен түсіп, оны жайылсын деп қоя бердім, кейін өзім намазхандардың қатарына келіп сапқа тұрдым. Сонда маған ешкім ескерту бермеді»,- деді.
Ибн Омар (р.а.) айтты: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Айт намазын оқығалы шықса, өзінің алдына қысқарақ найзаны жерге қадап қоюды бұйыратын. Кейін жүзін соған қаратып намаз оқитын. Адамдар болса ол 259 кісінің арт жағында (белгі қоймай) намаз оқи беретін. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сапарға шыққанда да солай ететін. Сол себептен барлық Әмірлер де намазға шыққандарында солай істейтін болды»,- деді.
Ғаун ибн Әбу Жухайфа мына хадисті атамнан естіген едім деді: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) әл-Батха86 деген жерде алдына үші үшкір ағашты жерге шаншып қойып, бізбен бірге Бесінді екі рәкат, Асрды екі рәкат қылып намаз оқыды. Сол уақытта оның алдынан әйелдер де, есектер де өтіп жатты, бірақ оған көңіл аудармады»,- деді.
Намаз оқушы мен белгі (сәтр) арасы қанша болуы керек екені туралы
Сәһл ибн Сағд (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) намаз оқып жатқан жері мен дуалдың арасында бір қой өтерлік жер болатын»,- деді.
Сәлама ибн Әбу Кағб (р.а.) айтты: «Мінбер мен мешіттің қабырғасының арасы бір қой өтерліктей болатын»,- деді.
материал «Сахих әл-Бұхаридың хадистер жинағы» кітабынан алынды,
ummet.kz