11
Сәрсенбі,
Ақпан

һижри

Ғалым және жақсы кісілер имамдық қылуға хақылы

Ғалым және жақсы кісілер имамдық қылуға хақылы

Намаз

- Әбу Мұса риуаят етті:

«Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) науқас болып қалды. Ауруы күшейген соң: «Әбу Бәкірге бұйырыңыз, жамағат алдына шығып имамдық етсін!»- деді. Айша анамыз айтты: «Әбу Бәкір көңілі жұмсақ адам, сіздің орныңызда тұрып имамдық қыла алмайды»,- деді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Адамдарға бұйырыңыз, Әбу Бәкір жамағат алдына шығып, имамдық қылсын!» - деп қайталап айтты. Айша анамыз және қайталап айтты. Пайғамбырымыз (с.ғ.с.) айтты: «Әбу Бәкірге бұйырыңыз жамағат алдына шығып имамдық қылсын! Сендер әйелдер – Жүсіптің (ғ.с.) қиссасындағы әйелдердің сыңарысыңдар»,- деп тағы да қайталап айтты. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұйрығын Әбу Бәкірге жеткізді. Әбу Бәкір Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) тірі кезінде жамағат алдына шығып имамдық қылды.

- Айша анамыз риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) науқастанып жатқанында айтты. «Әбу Бәкірге бұйырыңыз, жамағат алдына шығып имамдық қылсын!» - деді. Мен: «Әбу Бәкір орныңызға имамдық қылса, жылап жібереді, адамдар оқығанын естімей қалады. Одан гөрі Омарға бұйырыңыз, имамдық қылсын!» - дедім. Кейін Әбу Бәкір сіздің орныңызда тұрса, жылағанынан оқығаны естілмей қалады, имамдықты Омарға бұйырыңыз деп Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) айт!» - дедім Хафсаға. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Тек тұр, сендер - Жүсіптің (ғ.с.) қиссасындағы әйелдердің сыңарысыңдар, Әбу Бәкірге бұйырыңыз, имамдық қылсын!» - деді Хафсаға. Сонда Хафса: «Сенен еш жақсылық көрмедім да!» - деп айтты Айша анамызға.

- Әнәс (а.р.) риуаят етті: «Мен Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) он жыл ілесіп жүрдім, ол кісінің қызметін қылып, сұхбаттарында бірге болдым. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қайтыс боларының алдында науқас болып жатқанда, Әбу Бәкір жамағатқа имамдық қылатын еді. Дүйсенбі күні біз сахабалар намазда сапта тұрған едік. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бөлмесінің пердесін ашып, бізге қарады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) аяғынан тік тұр еді. Жүзі кітаптың парағындай аппақ азған, бірақ әдемі еді. Кейін бізге қарап күлімсіреді. Біз Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) көріп сүйсінгенімізден саптан шықпақшы болдық. Әбу Бәкір Сыддық болса бірінші сапқа кіріп алу үшін арқасына қарай ысырыла бастады. Ол Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) намазға шықпақшы деп ойлады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) намазды жалғастыра беріңіз деген мағынада бізге ишарат қылды да, пердені жауып қойды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сол күні дүниеден өтті.

- Әнәс (а.р.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) үш күн намазға шыға алмады. Намазға тәкбір айтқанда Әбу Бәкір алдыға (имамдыққа) өтті. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бөлмесінің пердесін көтерді. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) жүзін көрген кезімізде (бүгінгідей) қатты сүйсінбеген едік. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Әбу Бәкірге: «Алдыға (имамдыққа) өт!» - деп ишарат қылды да, пердені жапты. Кейін қайтыс болғанға дейін пердені ашуға дәрмені жетпеді.

– Хамза ибн Абдулланың атасы Абдулла ибн Омар риуаят етеді: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ауыр халде жатқанда, «Намазға шыға аласыз ба?» - десті. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Әбу Бәкірге айтыңыз, жамағатқа имамдық қылсын!» - деді. Айша анамыз: «Әбу Бәкір көңілі бос адам, оқи бастаса, жылаудан тоқтай алмайды»,- деді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Оған бұйырыңыз, жамағатқа имамдық қылсын!» - деді. Айша анамыз және баяғы сөзді қайталап айтты. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) тағы да: «Оған бұйырыңыз, жамағатқа имамдық қылсын! Сендер – Жүсіптің (ғ.с.) қиссасындағы әйелдердің сыңарысыңдар»,- деді.

 

материал «Сахих әл-Бұхари» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: