19
Сейсенбі,
Наурыз

һижри

Сол сәтте намаз бұзылады

Сол сәтте намаз бұзылады

Намаз

«Бес парыз» айдарының өткен санында намаздың ішкі және сыртқы парыздары туралы тоқталған болатынбыз.

Бүгін сыртқы парыздардың келесі бөлімін назарларыңызға ұсынып отырмыз.

  1. Әуретін жабу

Әурет – шариғат терминінде қарауы харам, жабылуы парыз ұятты мүшелер.

Бұл мүшелердің намазда немесе намаздан тыс жерлерде жабылуы – парыз. Ерлердің әурет жерлері: кіндігінен тізелерінің астына дейінгі жерлері. Бұған Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мына хадисі дәлел: «Еркектің әурет жері – кіндігі мен тізесінің арасы», «Кіндіктің асты – тізеден түскенге дейінгі жерлер»[1]. Әйел үшін әурет – жүз, қол, аяқтан басқа барлық дене. Хазіреті Пайғамбар былай дейді: «Әсма! Әйел балиғат жасына жеткен кезде оның мына мүшелерінен басқа жерлерінің көрінуі дұрыс болмайды. Аллаһ Елшісі осы сөздерді айтқан кезде қолдары мен жүзіне ишарат еткен еді»[2]. Хазіреті Айшадан бізге жеткен бір хади- сте: «Аллаһ балиғат жасына жеткен әйел затының намазын орамалсыз қабыл етпейді»[3] – деп айтылып, шашты жабу керектігіне меңзейді.

Намазда бір мүшенің төртен бірі еріксіз ашылып, «субханАллаһил-а'зим» дейтіндей уақыт тұрса, намаз бұзылады. Ал егер өз еркімен ашса, сол сәтте бұзылады.

 

[1] А.б.Ханбал, ІІ, 187.

[2] Әбу Дәәуд, Либас, 31.

[3] Ибн Жажә, Таһарат, 132.

Бөлісу: