19
Сейсенбі,
Наурыз

һижри

Намаздың ішкі парыздары (3)

Намаздың ішкі парыздары (3)

Намаз

"Бес парыз" айдарының өткен санында намаздың ішкі парыздары жайлы жазған болатынбыз. Бүгінгі шығарылымда аталған жолдаманың жалғасын оқи аласыздар.

  • 4. Рүкүғ

Рүкүғ – иілу деген сөз. Намаздың негізгі тіректерінен болған рүкүғ қолдарды тізеге қойып, төмен қарай иілу. Пайғамбарымыз (с.а.у.) жасаған ең жақсы рүкүғ – арқа мен бастың түп-түзу иілуі. Бұл – нағыз рүкүғ. Егер рүкүғ қиямға жақын шықса, дұрыс емес. Рүкүғтің парыз болуы: «Ей, иман етушілер! Рүкүғ етіңдер»[1]. Әбу Хумайд атты бір сахаба: «Алла Елшісінің рүкүғ еткен кезде қолдарын тізелерінің үстіне қойғанын көрдім. Арқасын да түзу ұстаған еді», -  деп,  Пайғамбарымыздың (с.а.у.) рүкүғін сипаттаған[2]. Рүкүғте бір сәт тұру, яғни «СубханАллаһи-а’зим» деп айтатындай уақыт тұру және қайта қиямға барып түзеліп, бір сәт тұрып, сәждеге бару – уәжіп. Бұлай істеуге тағдилул-әркан делінеді.Имамға рүкүғте үлгерген адам түрегеп тұрып тәкбір алып, одан кейін рүкүғке бару керек. Бұл тәкбірді рүкүғке жақын алса, намазы бұзылады. Тәкбір алып, имамға рүкүғте үлгерген адам, сол рәкатты имаммен бірге оқыған саналады. Бірақ имам рүкүғте болған уақытта тәкбір алып, имам рүкүғтен тұрған уақытта, рүкүғке барған адам, ол рәкатқа үлгерген болып саналмайды. Артынан сол үлгере алмаған рәкатты имам сәлем бергеннен кейін түрегеліп жалғыз өзі оқиды. Имамға ұйыған адам имам-нан бұрын рүкүғке барып, және имамнан бұрын рүкүғтен басын көтерсе, бұл рүкүғ жеткілікті емес. Осылай имам-нан бұрын рүкүғке барған адам, имам рүкүғтен тұрмай тұрып, рүкүғті қайтадан жасамаса, намазы бұзылады.Имамның рүкүғіне үлгерген адам екі тәкбір алуға мұқтаж емес. Қиямда тұрып, «Аллаһу әкбар» деп, намазға кіріп дереу рүкүғке сол тәкбірмен барады. Бұл – бір тәкбірмен әрі ифтитахты әрі рүкүғ тәкбірін жасау деген сөз[3].

Рүкүғте оқылатын тасбих:  «Субхана раббиял-’азим» (Аса үлкен Раббым күллі кемістік атаулыдан пәк).

 _______________

[1] Хаж, 22/77.

[2] Бухари, Азан, 120.145.

[3] Дөндерен, 245

Бөлісу: