21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Қажылыққа кедергі кейбір жағдайлар

Қажылыққа кедергі кейбір жағдайлар

Қажылық

Қажылық жасау барысында кейбір мәселелер кедергі келтіреді:

1. Әке – шеше. Әке-шеше баласының нәпіл қажылыққа немесе умраға баруына бөгет жасай алады. Өйткені, Ислам дінінде әке-шешеге қызмет ету – жиһад. Бірақ парыз қажылыққа бөгет бола алмайды. Парыз қажылықта әкешешеден рұқсат сұрау – сүннет.

2. Ихсар. Дұшпанның бөгет болуына немесе ауру сияқты себептерге байланысты қажылық немесе умра жасау үшін ихрамға кірген адамның қажылықты немесе умраны аяқтамастан, ихрамнан шығуға мәжбүр болуы. Бұндай бөгеттерге мәжбүр боп қалған адамға «мұхсар» делінеді. Мұхсар аталмыш бөгеттердің ашылуы мүмкін болмаған жағдайда ихрамнан шығады. Шыққан жағдайда құрбан шалу міндет.

материал «Ислам ғылымхалы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: