21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Қажылыққа баруға мүмкіндігі бола тұра кешіктірсе күнә ма?

Қажылыққа баруға мүмкіндігі бола тұра кешіктірсе күнә ма?

Қажылық

Имам Әбу Ханифаның көзқарасы бойынша, қажылық жасауға мүмкіндік туған мезетте оны орындау керек.

Өйткені бұл құлшылық жылдың кез келген уақытында емес, белгілі бір кезеңде орындалуымен ерекшеленеді. Оның үстіне жыл ішінде адамның қайтыс болып кетуі де ықтимал. Алла елшісінің (с.ғ.с): «Қажылықты өтеуге асығыңдар (яғни, парызды). Өйткені ешбірің ажалдың қашан келетінін білмейсіңдер», - дегені осының бір дәлелі.

Қажылығын кешіктіріп өтесе де адамның мойнынан қажылық парызы түседі. Алайда мүмкіндігі бола тұра кешіктіру дұрыс емес. Яғни, қандайда бір себепсіз қажылық парызды кешіктіру күнә.

материал «Күнделікті діни сауалдарға жауаптар» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: