21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Тауап сүннеттері

Қажылық

Тауаптың сүннеттерін орындау – сауап, бірақ орындалмаған жағдайда да тауап дұрыс болып есептелінеді.

  1. Денеде немесе киімде намазға бөгет жасайтын нәжістің болмауы
  2. Тауапқа бастаған уақытта және әр айналымның соңында Хажарул-Әсуәдді (қара тасты) сүю немесе сәлем беру. Кейбір адамдар қара тас сүйілмей қалған жағдайда немесе қолмен ұстамаған жағдайда, қажылық ғибадаты қабыл болмай қалады деген қате түсінікпен, адамдарды итермелеп, жаншып-таптап, тіпті ренжітіп, жанжалдасып, сүюге тырысып жатады. Әрине, бұл іс-әрекеттер дінді дұрыс білмегендіктен. Әйтпесе қасиетті қара тасты сүю – сүннет, ал, адамдардың мазасын алмау, ренжітпеу – парыз. Істелмей қалған жағдайда күнә болмайтын сүннет амалын істеу үшін парызды тастап, күнәға батуға болмайды. Өйткені парызды істемеген уақыттағы күнә сүннеттің сауабынан басым. Олай болса, адамдардың тығыз, көптігіне байланысты қасиетті қара тасқа бара алмағандар алыстан бұрылып, сәлем береді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) кейде қасиетті қара тастың қарсысына келіп, қолындағы таяғымен сәлем бергендігі риуаят етілген.
  3. Зиярат тауабын жасаған уақытта дененің үстіңгі жағындағы «рида» деп аталатын жапқыштың бір ұшын оң қолтықтың астынан өткізіп, сол иыққа тастап, оң қолды иықпен бірге ашық тастау. Ихрамды бұлай орануды «изтиба» дейді. Әйелдер изтиба жасамайды.
  4. Зиярат тауабының алғашқы үш айналымында иықтарды сілтіген бойда қысқа адымдармен жылдам- жылдам жүру. Бұлай жүруге «рәмәл» делінеді.
  5. Тауаптың айналымдарын бірінен кейін бірін істеу. Дәрет алу үшін айналымды тоқтатуға болады.
  6. Ер адамдардың мүмкіндіктеріне қарай Қағбаға жақын тауап жасаулары, ал әйелдердің еркектердің арасына араласпайтындай жерден тауап жасаулары сүннет.
Бөлісу: