Денеден тыс ұрықтандырудың (ЭКО) үкімі

Денеден тыс ұрықтандырудың (ЭКО) үкімі

Пәтуа all

Еліміздегі әрбір бесінші отбасы бала сүйе алмайды. Сондықтан медициналық жолмен жасанды ұрықтандыруға барып жатады. Бұл - қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Бүгін Алматыда өткен ҚМДБ ғұламалар кеңесінде аталған мәселенің шариғи үкімі талқыланып, пәтуа шығарылды.

Экстракорпоральды ұрықтандыру дегеніміз – ананың ағзазынан тыс аналық клетканы ұрықтандырып,  өсіп жетілген ұрықты (эмбрионды) жатырға орналастыру дегенді білдіреді. Оның бірнеше кезеңдері бар.

Шариғи үкіміне тоқталар болсақ, әйел табиғи жолмен бала көтере алмаған жағдайда рұқсат етіледі. Алайда мына шарттар міндетті түрде орындалуы қажет:

а. Тек некелескен күйеуінің ұрығын қолдану.

ә. Өңдеуден өткен ұрық жұмыртқа, клеткасы алынған әйелінің жатырына салынуы керек. Яғни құрсақ ананы (суррогат ананы) қолдануға болмайды. 

ummet.kz

Бөлісу: