18
Сенбі,
Мамыр

һижри

Мұсылман қызы, мұсылман емес ер адаммен некесін қиюға бола ма?

Мұсылман қызы, мұсылман емес ер адаммен некесін қиюға бола ма?

Пәтуа all

Мұсылман әйел баласының мұсылман емес ер адаммен неке қиюы шариғатқа қайшы іс болып табылады. Себебі Алла Құран Кәрімде:"Мүшрік қатындармен олар иман келтіргенге дейін үйленбеңдер. Азат мүшрік қатыннан мүмін күң артық.

Егер сендерді қызықтырса да. Және иман келтіргенге дейін, мүшрік ерге мүмін әйелдерді де үйлендірмеңдер. Егер олар сендерді қызықтырса да. Мүшрік азат ерден мүмін құл артық. Олар, тозаққа шақырады да, Алла өз ұйғаруымен жаннатқа шақырады. Сондай-ақ адамдар үгіт алсын деп, аяттарын баян етеді[1]»,-дейді. Міне осы аят негізінде ғалымдар мұсылман әйел баласының өзге діндегі ер-азаматпен некелесуін харам деп үкім шығарған. Сондай-ақ өзге діндегі кісі мұсылман әйелдің діни құқықтарын шектейді. Бастысы христиан немесе яһуди пайғамбарымыз Мұхаммедке (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), оған түскен Құран Кәрімге және дініне иман келтірмейді. Тіпті тіл тигізіп балағаттауы да мүмкін. Сол себепті мұсылман әйелдің мұсылман ер кісіге күйеуге шыққандығы шариғи тұрғыдан жөн болып саналады. 

ummet.kz

Бөлісу: