03
Жұма,
Мамыр

һижри

Әлеуметтік желіге тәуелді боп қалдым...

Әлеуметтік желіге тәуелді боп қалдым...

Пәтуа all

Қазіргі таңда смартфон, гаджеттер айнымас серігімізге, ал әлеуметтік желілер өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналды. Біріміз қажеттілікпен, кейбіріміз көптен қалмайын деп тіркеліп, құрылғының бетін ғұмырымыздың айнасы етіп үлгердік. Біреудің күнкөріс кәсібіне, енді біреудің ермегіне айналған желілер қалың жұрттың жарнама қызметіне де жарап тұр.

Әлеуметтік желілерді жасаушы компаниялар адамдардың оны қызыға пайдалануы үшін әрдайым дамытып, жаңартып отырады. Оған тәуелділік қазіргі кездегі ең көп тараған эпидемияның біріне айналды. Мұндай тәуелділікке душар болған адам өз уақытының көбін әлеуметтік желіде өткізеді. Желіде жоқ кезінде жүрегінде қобалжу пайда болып, өзгенің жазған пікірін, келіп түскен жаңа хабарламаны жіберіп алғандай алаңдап, мазасызданады. Интернеттің өшіп қалуы өзге адамдардан бөлініп қалғандай күйге түсіріп, тіпті депрессияға дейін алып келуі мүмкін. Мұсылман адам әлеуметтік желіні жақсы мақсатта пайдалананып, оны қолданатын уақытын реттеп, шамадан тыс пайдаланудан өзін шектеуі тиіс. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бес нәрсені бес нәрседен бұрын ойлан. Жастық шағыңды қартаймастан бұрын, денсаулығыңды ауырмастан бұрын, байлығыңды кедейленбестен бұрын, бос уақытыңды шұғылданбастан бұрын, өміріңді өлместен бұрын ойлан», – деп өсиет айтқан.

ummet.kz

Бөлісу: