25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Діни тұрғыдан таза және нәжіс (лас) саналатын нәрселер

Діни тұрғыдан таза және нәжіс (лас) саналатын нәрселер

Пәтуа all

Діни терминологияда заттай кір мен ластықты «нәжәсат», ал ластанған, былғанған нәрселерді «нәжіс» дейді. Нәжәсаттан тазалану дегеніміз, денені, киімді және намаз оқитын орынды адамның зәрі, үлкен дәреті, жануарлардың зәрі мен қиы (тезегі), қан секілді, т.б. діни тұрғыдан лас саналатын нәрселерден тазарту Нәжәсат қаншаға бөлінеді?

Нәжәсат екіге бөлінеді:

Ауыр (ғализ) нәжәсат;

Жеңіл (хафиф) нәжәсат;

Бұлай бөлу ластықтың салмағына емес, оның намаздың жарамдылығына кедергі келтіретін мөлшеріне қарай бекітілген. Әйтпесе нәжәсаттың екі түрі де затты бірдей кірлетеді. Мәселен, екеуі де аз мөлшердегі суға тисе суды бүлдіріп, дәрет алуға жарамсыз етеді.

Ауыр нәжәсат санатына жататын нәрселер

Ауыр (ғализ) нәжәсат саналатындар:

А) Адамды дәрет немесе ғұсыл (бой дәреті) алуға итермелейтін денеден шығатын органикалық қалдықтар: зәр, үлкен дәрет, ұрық, жыныс мүшесінен ағатын сұйық жалқық зат, әйелдің жыныс мүшесінен (қынаптан) ағатын сары сұйық зат, қан, ірің, сарысу, ауыз толы құсық, етеккір, нифас халінде (босанған соң) келетін қан, истихада (етеккірден басқа) қаны, т.б. Еті жеуге жарамсыз аң-құстың, жануарлардың зәрі, сілекейі, тезегі (қиы), саңғырығы. Тек лашын, бүркіт, қаршыға секілді құстардың саңғырығы жеңіл нәжәсат түріне жатқызылады.

Б) Еті жеуге жарамсыз жануарлардан тек мысықтың сілекейі мен аузы тиген қалдықтар таза саналған. Мысық табиғатында адамға үйір болғандықтан үй ішіндегі әр нәрсені, адамның қолын тағысын тағы жалайтындықтан қиындық тудырмас үшін дініміз оның сілекейі мен аузын, сарқытын таза деп есептеген. Пайғамбарымыз бұл туралы: «Мысық лас емес. Ол сендерді айналшықтап жүреді», – деген.

В) Бүкіл аң-құс, үй жануарларының ағатын қаны (сойып болғаннан кейінгі еттен шыққан қан таза);

Г) Еті жеуге жарайтын тауық, үйрек, қаз, күркетауық секілді үй құстарының саңғырығы; Бауыздаусыз немесе бісміллә айтылмай сойылған мал, арам өлген мал және олардың иленбеген терілері; Мал дін талаптары сақталмай бауыздалғанда (бауыздау кезінде біле тұра Алланың атын ауызға алмау) да өлексе саналады, оның етін жеуге болмайды. Ал, бісміллә айтуды ұмытып кету салдарынан малдың еті бүлінбейді.

Ғ) Алкогольді ішімдіктер; Масайтатын ішімдіктерді тұтыну харам, олар денеге, киімге тиген жағдайда намаз оқу дұрыс емес. Өйткені бұлар нәжіс саналады.

Жеңіл нәжәсат санатына жататын нәрселер

А) Еті жеуге жарайтын үй жануарларының қой, жылқы және киік, таутеке секілді жабайы аңдардың зәрі мен қиы (тезегі). Қашыр мен есектің тезегі туралы екіұдай пікір туындаған. Мұны ауыр нәжәсат қатарына жатқызатындар да, жеңіл нәжәсат қатарына жатқызатындар да бар.

Б) Еті жеуге жарамсыз лашын, бүркіт, қаршыға секілді жыртқыш құстардың саңғырығы жеңіл нәжәсат санатына жатқызылады. Еті жеуге жарайтын кептер (көгершін), шымшық торғай секілді ауада (ұшып жүріп) саңғитын құстардың саңғырығы таза саналады.

 материал «Исламдағы тазалық» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: