24
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

Харамға жол ашатын сауда-саттықтың түрі

Харамға жол ашатын сауда-саттықтың түрі

Пәтуа all

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) көпшіліктің тауарды алуға еш құлқы жоқтығына қарамастан, басқаларды арандатып, бағаны көтеруге немесе түсіруге тыйым салған.

Бағаны қолдан көтеру тауарды өндірушінің, жеткізушінің тапсыруы бойынша, тауарды асыра мақтау не болмаса бағада бəсекелесіп, сатып алушыны арандату жолымен жүзеге асырылуы мүмкін. Олай болса, тауар сапасын көтере мақтап, бағаны арттыруға тырысқан саудагер айла жасаған болады. Оның бұл ісі дінде харам саналады.

Осы арада харамға жол ашатын сауда-саттықты да айта кеткен жөн. Ислам құқық кітаптарында харамға жол ашатын саудаға мысал ретінде шарап өндірушіге жүзім сату ісі келтірілген. Алла тағала Құран кəрімде «Жақсылыққа, тақуалыққа жəрдемдесіңдер. Күнəға жəне дұшпандыққа жəрдемдеспеңдер» деген («Мəида» сүресі, 2-аят). Ендеше, саналы мұсылман жамандыққа, күнəға болыспауды өзіне міндет деп білгені жөн.

материал «Ала жіпті аттама» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: