19
Жұма,
Сәуір

һижри

Алланың атын атамай сойылған малдың етін жеуге бола ма?

Алланың атын атамай сойылған малдың етін жеуге бола ма?

Пәтуа all

Адамзат  жан-жануарларды  азық  қылу  үшін  және басқалай  әжетке  жарату  үшін  сояды. 

Өйткені,  бұған Алла тағаланың өзі рұқсат еткен. жан-жануарларды  сойғанда  Алланың  атын  ауызға  алу  дегеніміз  –  өлімнің  Алланың  құдіреті  әрі ықтиярымен  болатынын  еске  түсіру.  Сол  себепті  де Алладан  басқаның  атымен  сойылған  малдың  етін жеуге тыйым салынады. Өйткені, өмір беру және өлтіру бір  Алланың  құдіретінде.  Бұлай  тыйым  салу,  сойыс малына оның рұқсаты мен есімі арқау етілмегендіктен, сондай-ақ,  пұтқа  табынушылықтың  тамырына  балта шауып тәухидті нық орнату, яғни бір Алланы ұлықтау мақсатында жасалған.

Құран: «Ол сендерге өлексе,  қан,  доңыз  еті  және Алладан  басқаның  атына  сойылған  хайуанның  етін харам  қылды.  Кімде-кім  мәжбүр  қалған  жағдайда өзгенің құқын аяққа таптамай және зәрулік мөлшерінің шегінен  шықпай  бұлардан  жесе,  күнә  жазылмайды. Алла  тым  кешірімшіл,  асқан   мейірбан», –  дейді. Міне, сондықтан Алланың атын айтпай сойған малдың етін жеу харам.

материал «Исламдағы тазалық» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: