14
Сейсенбі,
Мамыр

һижри

Түшкірген адамға «иярхамукәллаһ» деп айтудың сауабы

Түшкірген адамға «иярхамукәллаһ» деп айтудың сауабы

Пәтуа all

Абдуллаһ ибн Омар (р.а.) былай әңгімелейді: «Бір күні Пайғамбарымыздың қасында отырған болатынбыз. Кенет Расулаллаһ түшкіріп жіберді. Жамағат:

«Иярхамукәллаһ», – деді. Пайғамбарымыз: «Алла сендерді тура жолдан адастырмасын, жүректеріңе туралықты нәсіп етсін», – деді».

Айша (р.анһа) былай әңгімелейді: «Бір күні бір адам Пайғамбарымыздың қасында тұрып, түшкіріп кеп қалды: «Уа, Расулалла, не деуім керек?» – деді. Расулалла: «Әлхамду лиллаһ!» – деп айтты. Сол жерде отырған басқалары: «Уа, Расулалла, ал түшкірген адамға біз не деуіміз керек?» – деп сұрады.

Пайғамбарымыз: «Иярхамукаллаһ, яғни Алла саған мейірімін төксін», – деп айтыңдар. Әлгі түшкірген адам: «Мен оларға қалай жауап беруім керек?» – деп сұрады. Расулалла: «Ияһдикумуллаһ уә иуслих бәләкум (Алла сендерді тура жолда тұрақты қылсын, істеріңді оңғарсын) деп айт!» – деді»

материал «Сахабалар салған сара жол» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: