07
Сейсенбі,
Мамыр

һижри

Халықтық медицинада дініміз тыйым салған жануарлардың майлары

Халықтық медицинада дініміз тыйым салған жануарлардың майлары

Пәтуа all

Халықтық медицинада қолданылатын дініміз тыйым салған жануарлардың майлары:

Борсық майы – борсықтардың тері асты майларын шыжғыру арқылы алынатын емдік мақсатта қолданылатын май. Халық медицинасында борсық майын бронхит, пневмония, әртүрлі өкпе ауруларын, соның ішінде туберкулезді емдеуде қуатты дәрі-дәрмек ретінде қолданады. Борсық майы теріге жақсы сіңеді.

Аю майы – ақ немесе қара аюдың тері асты майын қайта шыжғыру арқылы алынатын емдік май. Аю майы өте нәзік, сондықтан да сүйек пен бұлшықет ауруларында, жарылу мен сүйек сызаттарында тиімді. Ол жарадағы іріңді жарақат қабыршағын оңай жойып, ешқандай тыртық қалдырмайды. Оны күйік, салқындау, үсу кездерінде қолданады. Сондай-ақ аю майын бала ағзасын нығайту үшін шомылудан кейін жағады. Сондай-ақ аю майын бала ағзасын нығайту үшін шомылудан кейін жағады. Сондай-ақ тік ішек жолы ауырғанда, алапесті емдеуде қолданады. Шаштың түсуін тоқтату мақсатында және қалың әрі жақсы өсуі үшін шаш түбіне аю майын жағады.

Жылан майы – жыланның тері асты майын шыжғыру арқылы алынатын майы және уы. Жылан майын әртүрлі ауруларда компресс үшін және теріге жағып қолданады және бұлшықет ауруларына шипа болады.

Бұл жануарлардың жыртқыш болуы себепті шариғатымыз тыйым салған.

материал «Халал – шариғат талабы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: