09
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Әр адамның жыны бола ма?

Әр адамның жыны бола ма?

Ислам тарихы

Шайтан адамның барлық ісіне қатысады. Тіпті, ер мен әйел бір-бірінің алдындағы міндеттерін өтемес бұрын, Алладан пана сұрамаса оған да қатыса алады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) айтты: «Шайтан сендердің барлық істерің қатысады. Ол тіпті сендер тамақ жегенде де кетпейді. Тамақтың кішкентай түйірін түсіріп алсаңдар, ол оны көтереді. Сондықтан, сендер оны тазалап, жеп қойыңдар да, шайтанға қалдырмаңдар. Жеп болғаннан кейін қолдарыңды жалаңдар. Ешкім берекенің тамақтың қай түйірінде екендігін білмейді» (Муслим).

Муслимде келетін хадисте: «Пайғамбар (с.ғ.с) бірде адамдарға: «Сендердің қайсыбіреулеріңде болсын жындардан болған қосақталған серіктерің болады» деді. Сонда адамдар: «Уа, Алла Елшісі, сенің де ме?» деп сұрайды. Ол: «Иә менің де, Алла Тағала маған оған қарсы жәрдем берді де, ол мұсылман болды. Енді, ол мен тек жақсылыққа бұйырады» делінген. Яғни, хадистен аңғарғанымыздай әр адамның жанында бір жын болады екен.

Жын қанша жерден адам баласының дұшпаны болғанымен, Құран мен сүннет олардың қорғанудың жолдарын көрсеткен. Оның ең басты тәсілдері – Аллаға жақындау, Оның бұйырғандарын орындау, Құран мен сүннетте келген дұғаларды оқып жүру.

ummet.kz

Бөлісу: