03
Жұма,
Мамыр

һижри

Ашура: бүгін он пайғамбарға сый берілген ғажап күн

Ашура: бүгін он пайғамбарға сый берілген ғажап күн

Ислам тарихы

Бүгін қасиетті төрт айдың бірі – Мұхаррам айындағы айтулы Ашура күні. 

«Мұхаррам» сөзі қасиетті, тыйым салынған дегенді білдіреді. Бұл ай Құранда айтылған қасиетті төрт айдың бірі болып саналады. Алла Тағала Құранда «Тәубе» сүресінің 36-аятында: «Шын мәнінде, Алланың құзырында айлардың саны он екі. Жер мен көк жаратылған күннен бастап Алла солай белгілеп қойды. Оның төртеуі соғысуға тыйым салынған айлар: зұлқағда, зұлхижжа, мұхаррам және ражаб», – деген.

Алла Тағала көп дұғаларды Ашура күні қабыл еткен. Хазіреті Адамның тәубесінің қабыл болуы, хазіреті Нұхтың топаннан құтылуы, хазіреті Юнустың балықтың қарнынан шығуы, хазіреті Ибраһимнің отта жанбауы, хазіреті Идристің тірідей көкке көтерілуі, хазіреті Яқубтың ұлы хазіреті Юсуфқа қауышуы, хазіреті Юсуфтың құдықтан шығуы, хазіреті Әюбтың аурудан құтылуы, хазіреті Мұсаның қызыл теңізден өтуі, хазіреті Исаның туылуы және өлімнен құтылып тірідей көкке көтерілуі Ашура күні болған.

ummet.kz

Бөлісу: