03
Жұма,
Мамыр

һижри

Ашура күні туралы қасиетті Құранда не айтылған?

Ашура күні туралы қасиетті Құранда не айтылған?

Ислам тарихы

Ашура күні жер бетінде адамзат тарихындағы ең үлкен мұғжиза, ең үлкен оқиғалардың бірі орын алған. Бұған «Шұғара» сүресінің 52-59-аяттары дәлел. Құранда:

«Біз Мұсаға: «Құлдарымды түн ішінде жолға алып шық, өйткені, олар сендердің соңдарыңнан түседі», - деп уахи еттік. Сонда Фиръаун қалаларға (әскер) жинаушыларды жіберді. Ол: «Негізінде, олар аз ғана топ. Әрі олар біздің ашу-ызамызды келтірді. Және шын мәнінде біз барлығымыз да сақ болуымыз керек», - деді. Біз оларды бақтары мен бұлақтарынан осылайша шығардық әрі қазыналары мен сәулетті тұрақ жайларынан. Біз ол жерді Исраил ұрпақтарына мұра етіп бердік. Олар Мұсаның артынан таңертең түскен еді», - делінеді. Аяттан ұққанымыздай, Алла Тағала Мұса пайғамбарды өзінің бауырымен бірге перғауынға жіберіп, оларды бір Аллаға ғана құлшылық етуге шақыруын бұйырады. Алайда өзін бүкіл әлемнің билеушісімен деп таныстырған перғауын иман келтіре қоймайды. Ол Мұсаны «жын соққан біреуге» балайды. Сонда Мұса оған айқын дәлел келтіруді ойлайды да, қолындағы асасын (таяғын) жерге тастаған кезде таяқ Алланың құдіретімен жыланға айналып кетеді әрі Мұсаның қолы аппақ нұрға айналады. Бірақ бұған да көнбей, тәкаппарлық танытқан перғауын еліндегі сиқыршыларды шақыра бастайды. Мұсаны жеңген сиқыршыға жоғары дәреже, үлкен сый беретінін айтады. Алайда Мұсаның таяғы ол сиқыршылардың елес етіп көрсеткен нәрселерінің барлығын жұта бастаған еді. Осыны көрген сиқыршылардың барлығы дерлік жаппай: «Біз әлемдердің Раббысына сендік. Мұса мен Һарұнның Раббысына», - деп құлдық ұрады («Шуъара» сүресі, 47,48-аяттар). Бірақ перғауын ғана мойынсұнбай, қасарысушылардан болады. Осыдан соң Алла Тағала Мұсаға қауымымен бірге қаладан шығып кетуді бұйырады.

Сөз жоқ, Құрандағы әрбір қисса адамзат баласы үшін – тәрбие мектебі, ұлы сабақ екендігі анық. «Шұъара» сүресінде сөз болатын бұл оқиға жер бетіндегі әрбір зұлымдықтың, шектен шығушылықтың соңы, аяғы болатындығын білдіреді. Демек, мына ғаламның Раббысы, Жаратушысы, Иесі бар! Алланың қалауынсыз ештеңе болмайды. Себебі, таяқтың өзіне сондай таңғажайып мұғжизаны жасатып қойған Алла еді. Алла осылайша «Мына Мысырдың мүлкі менікі емес пе? Өзендер менің сарайымның жанынан ағып жатқан жоқ па?» деп мақтанған перғауынды әп сәтте-ақ қауқарсыз, шарасыз күйге түсірді. Барлық байлық, мүлік, нығметтердің иесі  – Алла. Алла оған денсаулық пен байлықты берді, ішкізіп, жегізді. Перғауын қанша бай, дәулетті болса да, оның күш-қуаты Алланың мүлкінің қасында шаңның тозаңы құрлы болмады...

ummet.kz

Бөлісу: