20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Сахабалардың жағымсыз оқиғалардан ғибрат алуы

Сахабалардың жағымсыз оқиғалардан ғибрат алуы

Ислам тарихы

Жүбәйр ибн Нүфәйрдің (р.а.) айтуы бойынша: «Кипрға жасалған жорықта қолға түскен тұтқындар мұсылман әскерлеріне таратылып жатқан болатын.

Олардың кейбірі осалдық танытып отыр екен. Бір қарасам, Әбу Дәрда да бір бұрышқа отырып алып жылап отыр екен. Мен:

– Ей, Әбу Дәрда! Алланың Исламға және мұсылмандарға абырой беріп, жеңіске жеткізгенін көріп тұрып, жылағаныңа жол болсын?! – деп сұрадым. Ол басын көтеріп былай деп жауап қатты:

– Қызықсың өзің, Жүбәйір! Қарасайшы, Алланың бұйрықтарына мойын имегендердің қалайша бейшара халге түскендерін. Бір кездері мына адамдардан күшті, қуатты, сән-салтанатпен өмір сүрген қауымды көріп пе едің? Ендігі жерде олардың Алланың әмірлеріне құлақ аспағандықтан тұтқын болудан басқа амалдары қалмады. Құлдыққа түскен халық Алланың жақсылығы мен жәрдемінен мақрұм қалады».

материал «Сахабалар салған сара жол» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: