10
Жұма,
Мамыр

һижри

Халал индустриясы туралы мифтер

Халал индустриясы туралы мифтер

Ислам тарихы

«Халал» – бұл тек рұқсат етілген нәрсе емес. Бұл күн сайын миллиондаған адамдар таңдайтын игілік. Халал өнімдерді тұтыну статистикасы күн санап өскендіктен, біз осы салаға қатысты мифтерді жойғымыз келеді.

Халал – тек мұсылмандар үшін

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2022 жылға қарай халал өнімдер тұтынушылардың 30% астамы – басқа конфессиялардың өкілдері болады. Егер бұрын бұл тек мұсылмандарға арналған өнім ретінде қарастырылса, қазір халықтың көпшілігі өз организміне пайда әкелу үшін саналы түрде халалды таңдайды. Қазіргі уақытта ет өнімдері үлкен сұранысқа ие, себебі бұл негізінен экологиялық таза өнім болып саналады.

Бұл саладағы тыйымдарды сақтау қиын

Біз бұл мифті әлеуметтік желілерімізде үнемі жоққа шығарамыз. Ірі қалалардағы желілік супермаркеттерде осы саладағы өнімдердің үлкен таңдауы болса, кішігірім қалаларда арнайы салалық дүкендер бар. Сондай-ақ өндірушіден тікелей жеткізуді пайдалануға болады. Біз олардың тізімін сайтымызда үнемі жаңартып отырамыз.

Сондай-ақ, қоғамдық тамақтандыру және қызмет көрсету саласы жаңа трендке біртіндеп бейімделіп келеді. Өйткені, бұл сұранысты тұтынушылар қалыптастыруда.

Халал – бұл қымбат нәрсе

Ірі гипермаркеттердегі әртүрлі өндірушілердің бірдей тауарларының бағасын салыстырдық: кейбіреулерінде «Халал» сәйкестік белгісі болса, басқаларында ол болған жоқ. Олардың баға айырмашылығы бірнеше тиынды ғана құрайды.

Әрине, бұл халал өнімдерге қатысты барлық мифтер емес. Бұл сала енді ғана өркендей бастады. Сол себепті біз сізге өзіңіз естіген жаңсақ түсініктерді жазып, оларды жоққа шығаруды ұсынамыз.

дереккөз: halaldamu.kz

Бөлісу: