30
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

Иғтикаф ғибадаты жайлы Құран мен хадисте не айтылған?

Иғтикаф ғибадаты жайлы Құран мен хадисте не айтылған?

Ислам тарихы

Иғтикаф – бір жерде отыру, ешқайда шықпау, бас тарту дегенді білдіреді. Фиқһ терминінде – мешітте немесе соған ұқсас орында иғтикафқа ниет етіп, белгілі бір мезгіл сол жерде қалу деген мағынаны қамтиды.

Құранда «Бақара» сүресінің 187 мен 125-аяттарында: «Сендер мешітте иғтикафта болғанда...» және «Менің үйімді (Қағбаны) тауап етушілер, ғибадатқа отырушылар және рукуғ, сәжде етушілер үшін тап-таза ұстаңдар», – делінген. Айша анамыз: «Алла Елшісі Мәдинаға келген соң, көз жұмғанға дейін Рамазанның соңғы он күнін иғтикафпен өткізетін», – дейді. Иғтикафтың мақсаты – адамның оңаша қалып шынайы ықыласпен Аллаға бет бұруы, Оған жақындауға тырысуы.

материал «Оразаға қатысты 200 сұрақ» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: