02
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Қадір түнінің артықшылығы

Қадір түнінің артықшылығы

Ислам тарихы

Құран Кәрімге түсініктеме жазған мәшһүр ғалым Ибн Кәсир «Қадір» сөзінің төмендегідей үш мағынасы бар екенін айтып өтеді:

«Қадір» сөзі «үкім түні» мағынасын береді. Осыған байланысты қадір түні дегенде Алланың тағдырды үкім ететін түні екендігін білуге болады. Бұл жердегі тағдыр ұғымы, әуелгі тағдырдың паш етілуі болатын. Өйткені Құран Кәрімде: «Ол кеште барлық хикметті істер айырылады», - деп бұйырылған. Қатада: «Бұл түнде келесі жыл істерінің тағдыры жазылады», – деді («Тафсир әт-Табари» 25/65).

«Қадір» сөзі «абырой, бедел» мағынасын береді. Яғни, қадір түні – ұлық және аса қадірлі түн дегенді білдіреді. Мұндай жоғары дәрежеге лайық болуының себебі, бұл түннің салмағы мың айдан да қайырлы. Бұл хақында Құранда:  «Қадір түні мың айдан да қайырлы», - деп баяндалады. «Қадір» сөзі «сығылысу» мағынасын береді. Осыған байланысты зерттеуші ғалымдар қадір сөзі тарылу мағынасын да білдіреді деген жорамалдар жасаған. Өйткені бұл түні бүкіл періштелер жер бетіне түскеннен соң, жердің тарлығынан сығылысады.

Бұл жайлы Құранда: «Періштелер және Жәбірәйіл (ғ.с.) осы түні Раббыларыңның рұқсатымен барлық іс үшін түседі», - деп баяндалады. Ислам ғұламаларының айтуына қарағанда, «сығылысудағы» мақсат «үлкен қайырлы істердің жүзеге асуы және Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) Хира үңгірінде Жәбірәйіл (ғ.с.) алғашқы уахи түсіргенде, ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) жаны сығылғандығы белгілі. Негізінде, Қадір сөзі осы үш мағынаны да қамтиды.

Сахаба Әнас ибн Мәлік (р.а.) былай деп айтқан:  «Рамазан келгенде, Алланың Елшісі (с.ғ.с): «Расында, сендерге бұл ай келді! Онда мың айдан да қайырлы бір түн бар. Сонда кім ол түні бейқамдық танытса, оның барлық игілігінен құр қалады. Ал оның барлық игілігінен тек нағыз мақрұм адам ғана айырылып қалады!», – деп айтты».  Сахаба Әбу Хұрайра жеткізген хадисте  пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Кімде кім Қадір түнінің артықшылығына сеніп, сауабын Алладан күтіп, ғибадат, құлшылықпен өткізсе, өткен-кеткен күнәлары кешіріледі»,- деген екен.

дереккөз: fatua.kz

 

Бөлісу: