29
Жұма,
Наурыз

һижри

Қазақ халқында жайнамаздың маңызы қандай?

Қазақ халқында жайнамаздың маңызы қандай?

Ислам тарихы

Қазақ халқында мұсылмандықтың нышаны ретінде жайнамаздың орны ерекше. Қазақ халқы – мұсылман халық. Сол себепті оның салт-дәстүрінің басым көпшілігі мұсылмандық бояумен боялған. Міне, жайнамаз да соның бірі. «Намаз» сөзі бізге парсы тілінен енген сөз. Арабшасы «салат». Ол «дұға ету, мадақтау, тағзым ету», деген мағыналарды білдіреді. Яғни, намаз – адамның жеті әлемнің тізгінін асқан құдіретімен қолына ұстап, тәспідей ойнатқан.

Ұлы Жаратушыға дұға етіп, оны барлық 66 жаратылыс атаулыдан пәктеп, мадақтап, оның ұлылығы алдында өзінің әлсіздігін мойындап, мойынсұнып, бас иіп тағзым етуі. Демек, қазақ әл-мисақтан бері мұсылман болып, Ұлы Досына тағзым етіп келеді. Кейбіреулердің қазақ намаз оқымаған деуі – үлкен қателік. Түркістан, Сайрам т.б шаһардағы мешіттерді қайда қоясыз? Соңғы екі ғасырдағы мұсылмандық тоқырау бізде ғана емес, иісі мұсылман әлемінде болған жағдай. Пайғамбарымыз «Намаз – діннің тірегі», басқа бір хадисында «Намаз – нұр», дейді. Яғни, намаз мұсылман қолындағы шамшыраққа ұқсайды. Намаз – адам баласының тән тазалығы мен жан тазалығы. Намаз – рух азығы мен ар қазығы. Адам баласы намаз арқылы Ұлы Досына тағзым етіп, өзінің пендешілігіне тәубе етеді. Ұлы Досы заңдарын Жебірейіл арқылы жіберсе, намазды жердегі Елшісін құзырына шақырып бейне бір өз қолымен бергендей, арнайы ұсынған. Сондықтан да намаз мұсылманның – миғражы саналады. Қазақ намазды пырақ етіп мініп, миғражға қарай самғап ұшқан. Намаздың бес уақыт болуы да қазақты үлкен ойлылыққа тартқан. Мысалы, бамдат намазы адамның өмірге жаңа туған сәби кезін еске түсіреді. Рауандап атқан таң сәбидің пәктігіне, жаңа оянып, сайраған құстар сәбидің тәттілігіне, әсем тыныштық бейбіт өміріне ишарат етеді. Сол секілді, бесін намазы адамның қырықтан асып, қынабынан шыққан қылыштай қылшылдап тұрған шақтарына ұқсаса намаздыгер уақытында күннің батысқа бет алуы – адам ғұмырының сексенгекеліпқурағансексеуілдейселкілдіп, таяқ ұстап, қабір атты төртінші әлемге бет алып, өмір деген кітабының соңғы тарауын да тауысуға айналып бара жатқанын еске түсіріп, адам баласын ойлылыққа шақырады. Ақшам намазы адам баласының бұл ғұмырдан өтіп, күз келіп, жапырағы сарғайып, бейне бір өз қабірінің басында тұрып «Алла үшін не істедің? Артыңда қандай өлмейтіндей із қалдырдың?», – деп өз-өзінен қабірдегі періштедей сұраққа тартып жатқандай халді елестетеді. Ал, құптан намазындағы айнала қас-қарайып, тыныштыққа оранған қараңғы мезгіл – адам ғұмырына қыс келіп, ақ кебінге оранып, халінің не болатыны беймәлім болған қабір әлемін еске түсіреді. Өзінің қандай күйге түсетініне кепілдік бере алмаған қазақ осындай сәттерді еске түсірген сайын Ұлы Досына деген сыйынуы мен сүйіспеншілігі арта түсіп, тәуекел етіп отырған. Иә, бұл қазақтың жасыл желектей жайылған жайнамазының үстінде туған пәлсапалық терең ойларының бірі болатын. Осылайша таза жайнамазға дәрет алып келіп отырып, кілемге мініп ұшқандай ойының өткірлігімен, рухының ұшқырлығымен нәпсінің қара бұлтын қақ жарып, ұзақ сапар шеккен. Қазақтың жайнамазы жай бір жайнамаз емес екен. Мұсылман жанның «толық адам» болуына арқау мен асқақ шыңға жетуіне қанат болған жайнамаз. Оның «жайнамаз» аталуы сырттай қарағанда перде секілді жай мағына тәрізді көрінсе де, сол перденің артында терең пәлсапалық мән-мағыналар жатқандай болады. Әуелі жайнамаздағы «жай» сөзін жай, яғни найзағай деп алып қарасақ та, бұл сөз негізгі мағынадан қашық болса да бізге намаздың маңызын еске түсіргендей болады. Себебі, намаз арқылы адам яки иман мен толық адам шыңына жетеді. Бұл, әлбетте, нәпсіні жеңіп, оның бар күшін найзағайдай қуатпен тілгілеп ойсыратумен ғана болатын нәрсе. Намаз оқыған адамның жай-күйі әрқашан тыныштық табады. Пайғамбарымыз намаз уақыты келгенде азаншы Билал деген сахабаға: «Қанекей, Билал жанымызды рақатқа бөле! (Жансарайымызға су бүркіп, жанымызды жадырат!)», – дейтін (Әбу Дәуд, Әдәб, 87; Муснәд, 5\64-371).

Өйткені, қара су мен қара нан тәннің азығы, ал ғибадат жанның азығы. Демек, жаны жадырап, көңіл күйі жай, тыныштық табуға арқау болған жай намаз немесе жанға жайлы намаз. Бұл 69 мағыналар негізгі мағынасынан алшақ болғанымен, ойға түрткі болу, жағынан намаздың рухына жақын мағыналар. Яғни, жоққа шығара алмайсыз. Жайнамаз атам қазақтың намаз атты пырағын ерттеп мініп, ғарышқа самғаған – жайы мен мекені. Яғни, тазалық пен пәктіктің мекені. Жайнамаздың намаз үшін дастарқандай жайылуы. Негізінде, қазақтың жайылған төрт жайнамаз-дастарқаны бар. Әуелгісі, кәдуілгі жайнамаз ол – рухқа жайылған дастарқан. Екіншісі, кәдуілгі дастарқан. Бұл да Ұлы Ризық берушінің ризығын теріпжеп, оған шүкір еткендіктен, жеген тамақ та ғибадат саналуы. Және сол дастарқанды жайнамазды ластықтан сақтағаны секілді Ұлы Досының харам еткен нәрсесінен сақтаған. Бұл – ғибадат санасы. Намаз сол ғибадаттың негізі. Үшіншісі, атам қазақтың кең дархан жері. Қазақ сан ғасырлар бойы өз дастарқанын бөгделердің қол салуынан қорғаса, жат жерден жұтаңдық көріп келген өзгелерге сол дастарқаннан орын беріп, өле жемей, бөле жеген. Атам мұны «адамды сүй, Алланың хикметін сез» қағидасы бойынша істегендіктен, бұл іс-әрекеттері ғибадат саналған.

Ақырғысы – қазақтың шексіздікке жайылған жайнамаз-дастарқаны – көгілдір көк шаңырағы. Яғни, аспан. Берекеттің негізі сол көктен келуі мен атам қазаққа сол көкке қарап, Ұлы Досының сипаттарын ойлап, оның мінезіне ұқсауына арқау болған жайнамаз-дастарқаны. Пайғамбарымыз «Алланың мінезінен үлгі алыңдар», – дейді. Жайнамаз үстінде қазақ осынау Ұлы Жаратушыға тағзым ететін болғандықтан, оны құрметтеп, жоғарыға жинаған. Кейде тіпті керегеге ілген. Жайнамаз кейде жай ғана матадан жасалса, кейде арнайы тоқылып, кілемше етіп жасалған. Бірақ, кілемшелерге ою-өрнек салғанмен, құс пен аңның суреті салынбаған. Сонымен қатар, жайнамаздың басы мен аяғына өте мән берген. Сәжде қылар бас жағына арнайы сәжде жері екенін білдіретін белгі жасалған. Бұл, шамасы атамның сәжде етер жерімді аяғыммен баспайын деген сақтығы болса керек. Бұл да тазалық пен имандылықтың белгісі. Малайзия мұсылмандары тазалыққа өте жаны құмар. Әсіресе мешіттерін аса мұқият қарағаны сонша, кейде – сәжде етер жерлеріне арнайы ұзыннан-ұзақ ақ мата төсеп, әтір сеуіп қояды екен. Олар да атам қазақ секілді, сол сәжде етер жерлерін баспауға тырысады екен. Жайнамаз – мұсылмандықтың рәмізі. Жайнамаз – тазалықтың белгісі. Пайғамбарымыз «Тазалық – иманның жартысы»,-дейді. Олай болса тазалық – даналықтың белгісі.

материал «Иман және дәстүр хикметтері» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: