28
Бейсенбі,
Наурыз

һижри

Шариғат талап ететін сұрақтар

Шариғат талап ететін сұрақтар

Ислам тарихы

Сұрақтардың алуан түрі бар, олардың үкімдері сұрауға түрткі болатын себеп-салдар мен ықпалдарға байланысты әртүрлі келеді. Ол себеп-салдар мен әсер-ықпалдарды төмендегідей реттеуге болады:

Олар бірнеше сатылы:

Әрбір мұсылманның мойнындағы міндет (парыз айн).

Мұнда ешқандай бас тартуға және ол туралы үнсіз қалуға болмайтын мәселелер туралы сұрақтар, нақтылап айтқанда, адамның өзіне беймәлім оның діни міндеттеріне кіретін шариғат үкімдері мен дін істері туралы мәселелер. Мысалы, кәмелетке жеткендрег тараһат пен намаздың үкімдері, сапарда болмаған денсаулығы жақсы адамға ораза ұстауға қатысты үкімдер, мал-дүниесі нисабқа жеткен адамның зекет беруіне байланысты үкімдер, мүмкіндігі бар адамның қажылықты өтеуі туралы шариғат үкімдері, саудамен айналысушы адамдарға тиісті сауда-саттық жасау туралы үкімдер, үйленгісі келгендерге қатысты неке туралы заңдар, әскерде қызмет етушілерге қатысты соғысқа байланысты үкімдер осы мәселелер туралы діни міндеттерді орындау жүктелген әрбір адам өз өмірінің әртүрлі кезеңіндегі жағдайына байланысты сұрауы қажет.

Бұл туралы Алла Тағала: «Егер білмесеңдер, білім иелерінен сұраңдар», - деген. Бұл жерде сұрақтарды білімділерге беру керектігі айтылған. Сонымен қатар адамдар Пайғамбарымыздың (с.ғ.с): «Ілім іздеу – әрбір мұсылманның парызы», - деген бұйрығын орындауы керек. Бұл тек еркектерге ғана емес, әйелдерге де қатысты.

Қабілетіне сай міндет (парыз кифая).

Бұл жерде әрбір мұсылманның орындауы міндетті емес, олардың кейбіреулері орындаса жеткілікті болатын міндет туралы айтылған. Нақты айтқанда, тек қана амал ету үшін емес, өзінің діни ұғымын тереңдету және шариғат заңдары мен оған байланысты барлық нәрсені білу мақсатында қойлатын сұрақтар туралы сөз болуда. Мұнда те іс-амал үшін емес, бәлкім, пәтуалар мен шешімдер қабылдайтын, Алла Тағалаға шақыру туын алып баратын, білуі тиіс дін істерінде басқа мұсылмандарға тағылым беретін, олардың адасу мен қателіктерге ұрынбай тура жолмен жүруі үшін жетекшілік ететін аса Құдіретті де Ұлы Алланың дінін сақтаушылардан болуы үшін берілетн сұрақтар жайлы да айтылған. Бұл туралы Алла Тағала: «Барлық мүміндердің (соғысқа) аттанулары тиіс емес. Олардың әрбір тобынан бірнеше кісі шығып, дінді үйреніп, қауымдарына қайтып келгенде, оларға (үйренген амалдарынан) ескерту берулері керек емес пе? Бәлкім, олар (күнәдан) сақтанатын болар», - деген.

Алла елшісі (с.ғ.с): «(Сендерден) келгендерің келмегендерге жеткізсін», - деп айтқан.

Ибн Аббастан (Алла әкесі екеуіне разы болсын) осыншалықты мол білімге қалай ие болғандығы туралы сұрағанда, ол: «Шын мәнінде, маған көп сұрақ қоюшы тіл мен саналы жүрек берілген», - деп жауап берген.

материал «Имам ән-Нәуәуи таңдаған қырық хадис шархы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: