29
Жұма,
Наурыз

һижри

Әжетхана әдебін білесіз бе?

Әжетхана әдебін білесіз бе?

Ислам тарихы

Әжетханаға кірерде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) мына дұғасы оқылады:

«Аллаһумма инни ә’узу бика минал-хубси уал-хабаис» – «Аллаһым, ластықтан және лас нәрселерден саған сиынамын».

Бұдан кейін ішке кірерде – сол аяқпен, шығарда – оң аяқпен шығу. Дәрет сындырған адам сол қолын пайдалану керек. Пайғамбарымыз оң қолмен алуға тыйым салған. Сыртқа шыққан кезде: «Әлхамду лилләһил-ләзи әзһәбә ‘аннил-әзә уә ‘аафани», «Қиындықтан арылтып, жеңілдік берген Аллаға шүкір» дұғасы оқылады.

Ел жүретін жерге дәрет сындыру дұрыс емес. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Кімде-кім мұсылмандардың жүрген жолына дәрет сындырса, Алла мен періштелер және барлық адамдар оған лағынет етсін» – деп қатты ескерткен. Әжетханада Құран оқымау, сөйлемеу керек. Құбылаға қарап немесе арқасын беріп отыруға болмайды.

материал «Ислам ғылымхалы» кітабынан алынды,

ummet.kz

 

Бөлісу: