20
Дүйсенбі,
Мамыр

һижри

Құранның Мұхаммед пайғамбарға (с.ғ.с) түсірілген уақыты

Құранның Мұхаммед пайғамбарға (с.ғ.с) түсірілген уақыты

Ислам тарихы

Құран Кәрімнің түсуі әзірет Мұхаммедке (с.ғ.с) пайғамбарлық міндет жүктелген кезден бастап, өмірінің соңына дейін жалғасты.

Бұл уақыт арасы 20 жыл немесе 23 жыл, яки 25 жылды қамтиды. Уахидың басталуы мен аяқталу мерзіміне байланысты көзқарастардың әртүрлі болуы, ардақты пайғамбарымыздың елшілік міндетті арқалаған соң Меккеде 10 жыл әлде 13 жыл, яки 15 жыл өмір сүрді деген болжамдардан туындаған. Ал Мәдинада 10 жыл өмір сүргендігі анық. Һәм осы көзқарасты имам Суюти да айтып өткен. Алайда Ислам тарихын зерттеуші кей ғалымдар ардақты пайғамбарымыздың Меккеде 12 жыл, 5 ай, 13 күн өмір сүргендігін алға тартады. Яғни, 41 жасына аяқ басқан шағында, Рамазан айының он жетінші жұлдызынан бастап, Рабиғул әууәл айында 54 жасқа толғанға дейін ғұмырын Меккеде өткізді дейді. Ал Мәдинада тұрақтаған уақытына келер болсақ, Рабиғул әууәл айында, 54 жасынан бастап, 63 жасқа толғанша, Зулхижжа айына дейін 9 жыл, 9 ай, 9 күн сонда өмір сүргендігін айтады. Бұл аталған мерзім Һижри жыл санауы бойынша оныншы жылға тура келеді екен. Осы болжам ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с) Меккеде 13 жыл, Мәдинада 10 жыл ғұмыр кешкені жайлы айтылған көзқарасқа жақындау келеді. Демек, пайғамбарымызға уахи 23 жыл бойы келіп отырды.

материал «Құран ілімдерінің негіздері» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: