Ақыреттің бақыты үшін байлық шарт емес.
Бір адам пайғамбарымызға (с.ғ.с) намаз бен оразадан басқа ғибадат жасай алмай жүргенін, ақшасы болмағандықтан зекет, садақа, бере алмайтынын және қажылыққа бара алмай жүргенін, жақсылық жасай алмай жүргенін айтып, жағдайының не болатынын сұрағанда пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Егер көңіліңді рия мен хаседтен (көре алмаушылықтан), тіліңді ғайбат пен өтіріктен, көзіңді намахремнен және адамдарға жақтырмай қараудан сақтасаң, жәннатта менімен бірге боласың»,- деді.
материал «Бақыттың кілті жанұяда» кітабынан алынды,
ummet.kz