26
Жұма,
Сәуір

һижри

Ережеп оразасын ұстайын ба, әлде қаза оразамды ма?

Ережеп оразасын ұстайын ба, әлде қаза оразамды ма?

Ислам тарихы

Осы ережеп айының оразасын ұстамай тұрып, өткен жылғы оразадан қалған қарыз оразаны өтеп алу керек пе? 

- Қаза оразаны өтеудің үкімі – парыз («Бақара», 184-аят). Ережеп айындағы ораза ұстаудың үкімі – нәпіл. Басқаша айтқанда, міндет емес, сауапты амал. Шариғат үнемі парызды алдыңғы қатарға қояры сөзсіз. Сондықтан да, осы айда қаза оразаларыңызды өтеп алғаныңыз абзалырақ. Қаза оразаңызды Ережеп айында өтейтін болғандықтан, Жаратушы Иеміз осы айда ораза ұстаған адамға беретін қосымша сауаптан да құр алақан етпес деген үміттеміз. Дегенмен, бұл айда нәпіл ораза ұстаймын десеңіз де оған кедергі жоқ. 


Мен рамазан айындағы қарыз күндерімді өтеген жоқпын. Бірақ, бүгін Ережеп айындағы оразаны ұстап жатырмын. Бұл қалай болады? Бұлай ұстай бергенім дұрыс па, бұрыс па? 

- Қаза оразаның болуы – нәпіл ораза ұстауға кедергі емес деген ойдамыз. Сондықтан да, қазаңыз бола тұра, нәпіл оразаға ниет еткен болсаңыз, оның ағаттығы жоқ. Ұстаған оразаңыз үшін сауап аласыз (Алла сауаптан жазғай). Дегенмен, осы айды пайдаланып арасында қаза оразаларыңызды да өтеп алған дұрыс. 

мақала авторы Абдусамат Қасым,

ummet.kz

Бөлісу: