05
Жексенбі,
Мамыр

һижри

Сахабалардың бұл дүниеде жақсы көрген үш амалы

Сахабалардың бұл дүниеде жақсы көрген үш амалы

Ислам тарихы

Бір күні Пайғамбарымыз (саллаллаһу әләйһи уа сәлләм) сахабаларымен отырған кезде Әбу Бәкірден:

«Иә, Әбу Бәкір! Сен нені жақсы көресің?» - дейді. Сонда Әбу Бәкір айтады: «Мен бұл дүниеде үш нәрсені жақсы көремін. Жинаған малымды сен үшін нәфәқа қылғанды, сенің жаныңда отырғанды және саған қарағанды жақсы көремін»,  -дейді. Сосын Пайғамбарымыз (саллаллаһу әләйһи уа сәлләм): «Иә, Омар! Сен нені жақсы көресің?» - дейді. Сонда Омар: «Мен де бұл дүниеде үш нәрсені жақсы көремін иә, Расулалла. Мен ақиқатты жақсы көремін және тура сөзді жақсы көремін және жамандықтан қайтарғанды жақсы көремін», - дейді.

Сонда Османға қарап: «Ал, Осман сен ше?» - дейді. Осман айтады: «Иә, Расулалла мен де үш нәрсені жақсы көремін. Адамдарды тамақтандырғанды, сәлем жайғанды және адамдар ұйықтап жатқан кезде түнде намаз оқығанды»,- дейді.

Сонда Алиге қарап: «Иә, Али! Сен ше?»- дейді. Али (радиаллаһу анһу) айтады: «Мен де үш нәрсені жақсы көремін. Ол қонақты сыйлағанды, жазда ораза ұстағанды және мүшріктердің басын шапқанды»,-дейді.

Сол кезде Пайғамбарымыз Әбу Зәрға қарайды да: «Ал сен ше, иә, Әбу Зәрр?» - дейді.  Сонда Әбу Зәр айтады: «Иә, Расулалла! Мен сондай бір бір түрлі нәрселерді жақсы көремін. Расында менің жақсы көретінім аштық, ауру және өлімді жақсы көремін»,- дейді.

Сонда Пайғамбарымыз айтады: «Иә, Әбу Зәрр қалайша, ол нәрселерді ешкім жақсы көрмейді ғой?» - деп сұрайды. Әбу Зәрр: «Иә, Расулалла! Егер мен ашығатын болсам жүрегім жұмсарады, егер ауыратын болсам күнәларым төгіледі, ал егер өлетін болсам онда Раббыма барар едім», - деген екен.

материал «Ғибратты оқиғалар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: