28
Жексенбі,
Сәуір

һижри

«Үлкейгенде сахаба болғым келеді…»

«Үлкейгенде сахаба болғым келеді…»

Ислам тарихы

Бірінші сынып оқушыларынан: «Үлкейгенде кім боласыңдар?», – деп сұрайды.

Біреуі ұшқыш, дәрігер және басқалары басқарушы деген сияқты жауап беріп жатыр. Тек қана бір оқушының жауабы өзгеше еді.

Оны естіген оқушылардың барлығы күліп жіберді. Не деп жауап бергенін білесіз бе?! Ол: «Сахаба болғым келетін еді», – деді.

Мұғалім оқушының жауабына таң қалып,

– Не үшін «сахаба»? – деп сұрады: 

– Анашым маған әр күні ұйықтардан бұрын сахабалардың өмірбаянын айтып береді. Сахабалар Алланы шынайы жақсы көреді. Мен де оларға ұқсағым келеді.

Мұғалім мұндай жауаптан соң үн-түнсіз қалып, көзіндегі жасты жасыруға тырысты. Бұл баланың артында үлкен ана тұрғанына таң қалды, себебі оның мақсаты да биік еді.

Бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөліңіз. Әсіресе кішкентай кезінде айтылған насихаттар оның мінез-құлқына өте көп әсер етеді.

материал «Әйел мен ілім» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: