04
Сенбі,
Мамыр

һижри

Айша анамыздың (с.ғ.с) тәрбиесінде болған табиғин ғалым

Айша анамыздың (с.ғ.с) тәрбиесінде болған табиғин ғалым

Ислам тарихы

Амра бинт Абдулрахман табиғиндер арасында білімімен жетістікке жеткен әйелдердің бірі.

Ол фақиһа әрі мухаддиса болған. Әділетті халифа Омар (радиаллаһу әнһу): «Егер сіз хадис оқығыңыз келсе, Амраға барыңыз», - деп жиі айтатын.

Ал алғашқы хадистер жинағын құрастыру сеніп тапсырылған Имам Зухри (рахимаһуллаһ): «Амраға барыңдар, ол хадистердің негізгі көзі» деп айналасындағыларға одан сабақ алуға кеңес беретін.

Имам Маликтің (рахимаһуллаһ) «Муатта» кітабында анамыздың мына бір оқиғасы келтірілген: «Бірде қадий бірдеңе ұрлаған христианның ісімен айналысқан. Ол ұрлаушы ер адамның қолын кесуге бұйрық береді. Қадидің шешімі Амра бинт Абдуррахманға жеткенде, ол бірден өзінің шәкірттерінің бірін қадиға жіберіп, ұры бір динардың құнынан төмен затты ұрлап кеткенін, сондықтан бұл адамды оның қолынан айыруға болмайтынын ескертеді. Қадий болса, Амраны тыңдап, христианды жазасыз босатады. Қади, тіпті, Амрадан оның шешімі неге негізделген деп сұрамады, өйткені оның білімі оған күмән тудырмады және ол сол кезде Мадинада тұратын Саид ибн әл-Мусайиб секілді басқа ғалымдардың да пікірлерін сұрауды қажет етпеді.»

Қазіргі таңда анамыздың атымен "Амра бинт Абдуррахман" деп аталатын оқу орыны Ар-Рувейс қаласында өз жұмысын атқаруда.

материал «Әйел және ілім» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: