17
Жұма,
Сәуір

һижри

Сахабалардың халифаларға берген серті

Сахабалардың халифаларға берген серті

Ислам тарихы

Сахабалардың Әбу Бәкірге (р.а.) серт беруі

Ибраһим ибн Мүнтәширдің жеткізуінше: «Алла Тағала: «Саған серт бергендер Аллаға серт берген болып саналады» (Фәтх, 48/10) деген аятты түсірген кезде, Расулалланың адамдармен серттесуі Аллаға уәде беру мен Хаққа мойынсұнудан тұратын.

Әбу Бәкір (р.а.) серт алғанда: «Аллаға мойынсұнып жүрген кезімде, маған бағынуға серт беріңдер», – деген. Омар (р.а.) мен одан кейінгі халифалардың серттері Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сертіндей болған».

Ибн Афифтың (р.а.) баяндауынша: «Алла расулы қайтыс болғаннан кейін, Әбу Бәкірді (р.а.) көрдім. Халықтың сертін қабылдап, айналасына жиналған көршіліктен: «Аллаға және кітабы Құранға мойынсұну, содан соң биліктегі халифаны тыңдап, бағынуға маған серт бересіңдер ме?» – деп сұрайтын. Олар бірауыздан келісетін. Сосын олармен серттесетін. Мен оның қасында біраз уақыт болдым, ол кезде менің балиғатқа енді толған кезім болатын. Серт берудің өзіндік шарттарын біліп алғаннан кейін, Әбу Бәкірдің (р.а.) қасына барып: «Алдымен Аллаға және кітабына мойынсұну, сосын басшыларды тыңдап, бағынуға саған серт беремін», – дедім. Бас-аяғымды шолып шықты да, көзін төмен салды. Сертіме қуанғанын аңғардым».

материал «Сахабалар салған сара жол» кітабынан алынды,

ummet.kz

 

Бөлісу: