29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Ашу келгенде отыру және жату – сүннет

Ашу келгенде отыру және жату – сүннет

Ислам тарихы

Әбу әл-Әсуәд жеткізген хадисте:

«Бірде Әбу Зәрр өз науасында (түйелерді) суарып жатқанда, бір адамдар келеді. Әбу Зәрр оларға: «Сендердің қайсысың Әбу Зәррға оның басындағы шашынан да көп Алладан болған сауапқа үміттеніп, (түйесін) жетелеп әкеледі? Бір адам: «Мен», - деп, науасына барып, оны сындырады. (Әбу Зәрр бұл кісінің түйелерді осы науадан суаруға көмектесетінін күтті. Бірақ оның орнына ол науаның қирауына себепші болып, зұлымдық жасады.)

Сол уақытта Әбу Зәрр тік тұрған орнында отырды. Сосын ол (тіпті) жата қалды. Одан: «Ей, Әбу Зәрр, сен неге отырып, сосын жаттың?» – деп сұрады. Ол: Расында, Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бізге: «Сендердің біреулерің ашуланып, (сол уақытта) тұрып тұрса, отырсын. Ашуы басылмаса, жатсын», - деген», - деп айтты.

материал «40 сүннет» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: