14
Сейсенбі,
Мамыр

һижри

Құлпытасқа марқұмның суретін салдырса күнә ма?

Құлпытасқа марқұмның суретін салдырса күнә ма?

Ислам тарихы

Құлпытасқа мархұмның бейнесін бейнелеуге болмайды.

Шариғатта құпталмайтын әрекет.  Одан басқа, белгі ретінде басына тас қоюға және мархұмның аты-жөнін жазуға рұқсат етіледі[1].

Осы орайда айта кету керек, құлпытастың өзін де барынша қарапайым етіп жасатқан абзал. Қажеттен тыс биіктетіп, қымбат тастардан орнатудың қажеті жоқ. Бұл да қабірді әшекейлеу ісіне жататындықтан, мәкруһ саналады деуге негіз бар. 

[1] Фәтәуә әт-Тәтәрхания – 2/130 бет: Имам Әбу Юсуф бастаған кейібір ғалымдар тасқа жазудың өзін мәкруһ санаса, кейбір ғалымдар рұқсат деген.

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: