18
Сенбі,
Мамыр

һижри

Қызметкердің әдебі: Әріптестеріне көркем мінезділік таныту

Қызметкердің әдебі: Әріптестеріне көркем мінезділік таныту

Ислам тарихы

Адам баласы ең алдымен өзінің Жаратушысын тануы қажет. Ата-анасы балаларына кішкентайынан Алланың бар екенін, бір екенін, оның барлық нәрсені көріп, бақылап тұратынын бала саласына ұғынықты дәрежеде үйретуі қажет.

Бұл баланың бойына кішкентайынан сіңгені жөн. Ибн Аббасқа (Алла оларға разы болсын) Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) кішкентай күнінде былай деп айтқан:

«Балақай! Саған бірнеше сөздер үйретейін. Алланы әрдайым есіңде сақта, сонда Ол сені әрдайым қорғайды. Алланы әрдайым есіңде сақта, сонда әрдайым Оны алдыңнан көресің. Гер бір нәрсе сұрағың келсе, Алладан сұра, егер көмек сұрағың келсе, көмекті Алладан сұра және біл,егер бүкіл адамзат жиналып саған бір жақсылық істегісі келсе, олар саған Алланың пешенеңе жазған жақсылығынан артық жақсылық істей алмайды. Ал бүкілі жиналып саған бір жамандық істегісі келсе, олар Алланың сенің пешенеңе жазғаннан артық ешнәрсе істей алмайды. Өйткені, Алланың жазғанының сиясы әлдеқашан кеуіп үлгерген».

Хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) балаға әрдайым Алланы есіңде ұстауға, ғибадатты тек жалғыз Аллаға арнауға, Алладан ғана қорқуға, тағдырға иман ету сияқты бірқатар маңызды мәселелерді айтқан. Ал бұл мәселелер баланың есейген шағында өзінің жақсы нәтижесін берген. жаратушысын таныған адам бұл дүниеде бір жақсылық істесе, ертең қияметте оны Алла жарылқайтынын, ал жамандық істесе жазалайтынын біліп, бұл фәни тіршілікті тек жақсылықпен өткізуге тырысатыны анық. Ал Құдайын танымаған адамнан кез-келген істі күтуге болады. Ондайды қазақ: «Құдайдан қорықпағаннан қорық» дейді.

материал «Ислам әдептерінің энциклопедиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: