18
Сенбі,
Мамыр

һижри

Алланың бекіткен шариғатына ұқыпты болу мәселесі

Алланың бекіткен шариғатына ұқыпты болу мәселесі

Ислам тарихы

«Алла сондай иман келтіргендерді дүние тіршілігінде де, Ақыретте де бекем сөзбен тұрақтылықтарын күшейтеді. Және Алла залымдарды адастырады. Сондай-ақ Алла қалағанын жасайды». («Ибраһим» сүресі, 27-аят).

Осы аят тұрғысында белгілі ғалым Қатада: «Дүние тіршілігінде оларды жақсылық және салиқалы амалдар арқылы тұрақты етеді. Ал ақыретте болса, қабірде (қойылатын сұрақтарға жауап бере алуы үшін) тұрақтылығын күшейтеді» деп айтқан.

Және Алла Тағала: «Егер олар өздеріне үгіттелген нәрсені атқарғандарында, сөзсіз олар үшін қайырлы әрі тұрақтылығы күштірек болар еді» дейді (яғни, ақиқат үстіндегі тұрақтылықтары күшті болар еді). («Ниса» сүресі, 66-аят).

Бұл анық нәрсе. Әйтпесе, бұл тұрақтылықты бүлік бой көрсетіп, бақытсыздық орнай бастағанда, жалқаулықпен салиқалы амалдарды тастап қойғандардан күтеміз бе?! Жоқ, бірақ Алла сондай иман келтіріп әрі салиқалы амалдарды атқарушыларды имандарымен Өзінің ең тура жолына бастайды. Міне, сол үшін де Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) салиқалы амалдарға өте бекем болған. Және ол кісіге аз да болса әрдайым үзілмей орындалатын амалдар сүйікті көретін. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім он екі ракағат намазға бекем болса (үзбей орындаса), оған Жәннат уәжіп болады (яғни, жәннатқа кіреді)» деп айтқан (Тирмизи). Және Құдси хадисте: «Құлым Маған нәпіл ғибадаттарменен Мен жақсы көргенше жақындай береді» делінген. (Бұхари).

Сондықтан да, ізгі амалымызды көпсінбей, керісінше, арттырған үстіне арттыру арқылы дінде тұрақталмақпыз.

материал «Иманды арттырудың жолдары» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: