11
Сенбі,
Қаңтар

һижри

Қандай кезде және кімдермен амандасуға болмайды?

Қандай кезде және кімдермен амандасуға болмайды?

Ислам тарихы

Сәлем беріп, амандасу Исламда сауапты амал. Пайғамбарымыз танығанға да, танымағанға да сәлем беруді кеңес еткен. Үкімі сүннет.

Бірақ, кейде керісінше сәлем беру мәкруһ болатын жағдайлар болады. Ондай жағдайларды ғалымдарымыз кітаптарында сайып өткен. Солардың кейбірін атап өтелік.

Мына жағдайларда сәлем беру, яғни амандасу мәкруһ:

  1. Намаз оқушыға (намаз оқып тұрғанға)
  2. Құран оқушыға 
  3. Зікір етушіге (тәспих тартып, Алланы еске алып отырғанға)
  4. Уағыз айтушы мен оны тыңдаушыларға
  5. Хадис оқушыға (хадис оқып, хадис риуаят етіп отырған адамға)
  6. Ілімді қайталап отырғанға
  7. Қазылық жасап, үкім беріп отырғанға
  8. Бір мәселенің үкімін зерттеп, зерделеп отырғандарға
  9. Азан айтушыға
  10. Қамат түсірушіге
  11. Шариғи ілімді үйретіп отырған мұғалімге
  12. Әурет жері ашық адамға
  13. Әжетін өтеушіге

Мұндай жағдайларда сәлем берілген болса, сәлемге жауап беру міндет емес.     

Сондай-ақ, төмендегі кісілерге де сәлем беру мәкруһ:

  1. Бөтен бойжеткендерге (танымайтын)
  2. Құмар ойынын ойнайтын адамға
  3. Арақ ішкіш адамға
  4. Күнәсін жария түрде жасаушы пасыққа
  5. Кәззәбқа
  6. Дін дұшпанына т.б.   

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: