10
Жұма,
Қаңтар

һижри

Құран мұғжизалары: Саусақ іздерінің ерекшелігі

Құран мұғжизалары: Саусақ іздерінің ерекшелігі

Ислам тарихы

Әрбір адамның саусақ іздері түпнұсқалы және ешқашан қайталанбайды, тіпті біржұмыртқалық егіздерде де саусақ іздері бір-біріне мүлдем ұқсамайды. Басқаша айтқанда, әрбір адамның саусақ ұштарында оның жеке басы жайлы мәліметтер шифрланған. Бұл мәліметтерді кодтау жүйесін қазіргі таңдағы кең қолданылатын штрихкод жүйесімен салыстыруға болады.

Алла Тағала құранда өлген адамды қайта тірілту Оған ешқандай қиындық тудырмайтынын мұсылмандарға хабарлайды. Бұл жайлы баяндау арқылы Алла Тағала құранда адамның саусақ ұштарына біздердің назар аударғанымызды айтады:

Қиямә сүресі, 3-4 аят: «Адам баласы, біз сүйектерді жинай алмайды деп ойлай ма? Әрине, оны саусақтарының ұшына дейін қайта жасай аламыз».

Саусақ ұштарына ерекше көңіл аудару феномені – Құран мұғжизасының тағы бір дәлелі. Әрбір адамның саусақ іздері бөлшектері мен суретінің пішіні ерекше және ешқашан қайталанбайды. Жер бетінде өмір сүріп кеткен немесе қазіргі таңда өмір сүріп жатқан әрбір адамның саусақ іздері абсолютті түрде түпнұсқалы және бірде-бір ұқсастығы жоқ. Тіпті бірдей ДНҚ құрылымы болған біржұмыртқалы егіздердің де саусақ іздері әртүрлі.

Саусақтың іздері әлі баланың дүние есігін ашпай жатып, анасының жатырында өзінің түпкілікті нысанын алады, егер де қолының терісін қандай да бір нәрсемен зақымдап алмаса, саусақ іздері өмірінің соңына дейін өзгеріске ұшырамайды. Дәл осы себеппен әрбір адамның саусақ іздері ең маңызды қайталанбас, ерекше «жеке куәлігі» іспетті әрбір адамның «айрықшалығы, өзгешелігі» болып табылатынын дактилоскописттер растайды. Әрбір адамның саусақ іздері – кез-келген тұлғаны анықтаудың бірден-бір “кемшіліксіз / қатесіз” әдісі болып табылады.

Дактилоскописттер адамның саусақ құрылымының бұл маңызды айрықшалығын тек 19 ғасырдың соңында ғана анықтады. Ол уақытқа дейін адамдар саусақ іздерін, ештеңені білдірмейтін жай ғана сызықтар жиынтығы деп ойлайтын. Әлі адамдарда дене құрылысының сондай нәзік ерекшелігі мен қайталанбас сыры жайлы “ешқандай түсінік / ешқандай ғылыми” еңбек болмаған дәуірде, Құран аяттары саусақ іздерінің мағынасы жайлы деректерді адамдарға жеткізді.

Саусақ ізінен адамды анықтау әдісі (AFІS), ширек ғасырдан астам полиция мен қауіпсіздік қызметтерінде қолданылып келді, және өзінің айна қатесіз тиімділігін дәлелдеді. Бұл әдісті қолдануға ресми түрде рұқсат етілген. Бүгінгі таңда жеке тұлғаны “сәйкестендіру / анықтау” –дың жаңа технологиялары кең таралған, алайда саусақ іздері сияқты соншама тиімді әрі нақты әдіс бүгінгі таңға дейін әлі табылмады. Саусақ іздері арқылы адамды анықтау әдісі қылмыстық процесстерде 100 жылдам астам уақыт аралығында қолданылып келді, және халықаралық деңгейде мойындалған әдіс болып табылады.

«Бүгінгі таңға дейін екі саусақтың іздері ұқсас болған бірде-бір жағдай әлі кездеспеді..» (A.A. Moenssnens “Fingerprint Techniques” кітабынан).

материал «Құран мұғжизалары» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: