Әр түрлі емдік мақсатта және сіз айтқандай жын-шайтанды аластау үшін де түтіндетіп жатады[2].
Жалпы, адыраспанды түрлі микроптарды аластау үшін дизенфекция ретінде қолдануға болады. Оның жын-шайтанды аластайтыны немесе оның исінен жын-жыбырдың қашатындығы жайлы нақты шариғи дәлел жоқ. Ал ондай ерекшелігін тәжірибеге сүйеніп анықтау бөлек зерттеуді қажет етеді. Сондықтан, үйді жын-шайтаннан тазарту керек болса, Құран сүрелерін оқыған дұрыс. Пайғамбарымыз (с.а.у): «Бақара сүресі оқылған үйден шайтан қашады», – дейді.
Тағы бір хадисте: «Үйлеріңді мазарға айналдырмаңдар (намаз, Құран оқып, Алланы еске алып отырыңдар)! Шынында, Бақара сүресі оқылған үйге шайтан жоламайды» [3], – делінген.
[1] Қазақ тілінің әмбебап сөздігі
[2] http://kk.wikipedia.org/wiki/ Адыраспан
[3] Тирмизи, Фазаилуль Құран, 2877 хадис.
материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,
ummet.kz