Негізінде Құран жаттауда жас ерекшелігі рөл атқармайды.
Бастысы – ниет. Егер адамда шынайы ниет болатын болса, Алланың қалауымен жаттап шығады.
Мысалы: Түркияда Ахмет деген бір кісі бар. Баласын медресеге қарилыққа берген. Баласы қари болған соң өзі де қатты қызығады.
Сөйтіп 48 жасында Құран жаттай бастайды. 50 жасында (2 жылда) Құранды толық жаттайды. Қари атанып, емтиханға кіреді. Осы оқиғаны өз аузынан естігенбіз. Біздің медресеге келіп айтып берген еді. Дәл осы секілді мысалдар көп.Қазақстанда пенсияға шыққан ата 60 жасында Құран жаттауға кіріседі. 10 жылын осы жолға арнап, 70 жасында Құранды жаттап бітіреді.
Құран Пайғамбарымыз (с.а.у) 40 жасында түсіп бастаған, сахабаларда сол кезде жаттауға кіріседі.Ол кезде сахабалардың кейбірі Пайғамбарымызбен жасты, кейбірі үлкен болған. Ең жас сахаба Әли (р.а) 33 жаста болған. Яғни сахабалардың өзі 40 жастан асқанда Құран жаттай бастаған. Бұл жердегі мәселе жаста емес, ниетте.
материал «Қарилыққа алғашқы қадам» кітабынан алынды,
ummet.kz